О введении временных ограничений при экспорте дизельного топлива Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дизель отынының экспорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Z952368_ Жарлығының 20-бабына сәйкес мынадай уақытша шектеу енгізілсін: Қазақстан Республикасының аумағынан 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дизель отынын әкетуге арналған уақытша шектеулердің нәтижелері туралы 1999 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 1999 жылғы 20 шілдеден бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.