О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Генерального Прокурора Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Генерального Прокурора Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 06.09.2007
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2015 AI35171_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004954_
- ЭКБ идентификаторы
- 35171
- Редакция идентификаторы
- AI35171_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:05
0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту бойынша жұмысты үйлестіру, сондай-ақ арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2009.09.29 N 53 бұйрығымен.
2
2) "Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2741 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., N 13-16 915-б. жарияланған, "Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 4-бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі N 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4424 санымен тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар):
аталған бұйрықпен бекітілген, Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу туралы Нұсқаулықта:
Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В. Ким).
4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2007 жылғы 29 тамыз
1 Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының 2007 жылғы
6 қыркүйектегі N 36 бұйрығына
1-қосымша
2 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 14 қыркүйектегі
N 48 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының 2004 жылғы 20
қаңтардағы N 4 бұйрығымен
бекітілген сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасағаны
үшін тәртіптілік жауаптылыққа
тартылған тұлғалардың есебін
жүргізу туралы Нұсқаулығына
N 1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың N 1 нысанды кәртішкесі