О проведении приписки граждан к призывным участкам Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды тiркеуге алуды өткiзу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. 1977 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеуге алу 1996 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, тұрғын үйдi пайдалануға беру ұйымдары, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, үй иелерi 1995 жылғы 1 желтоқсанға дейiн шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiстi жасөспiрiмдердiң тiзiмiн қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға берсiн.
Тармақ 3
3. Меншiк нысанына қарамай кәсiпорын, ұйым және мекеме басшылары шақырылуға дейiнгiлердi әскери есепке алуға байланысты қажеттi мiндеттерiн өтеу үшiн еңбекақысын /стипендиясын/ сақтап, оларды жергiлiктi жерлердегi тұрақты жұмысынан /оқуынан/ босатсын.
Тармақ 4
4. Облыстық әкiмшiлiктiң денсаулық сақтау департаментi /Момынов/ қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң өтiнiштерi бойынша аудандардың медициналық комиссияларын дәрi-дәрмекпен,құрал-жабдықтармен жабдықтасын, дәрiгер-мамандар жетiспейтiн жерге дәрiгерлер жiберсiн. Жасөспiрiмдердi тiркеу кезiнде медициналық куәландырудан сапалы өтуiне бақылау жасауды ұйымдастырсын және анықталған науқастардың емделуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң бiлiм департаментi /Байғұтов/ облыс оқу орындарында оқитын жасөспiрiмдердi тiркеудi өткiзудi ұйымдастыру бойынша әскери комиссариаттарға ықпалды көмек көрсетсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң саяхат, дене тәрбиесi және спорт басқармасы /Бектаев/ тiркеуге алу барысында ГТО нормативтерiне сәйкес жастардың физикалық жағынан даярлық деңгейiн тексерудi ұйымдастырсын, оқу орындары мен аудандардағы бұқаралық-спорт жұмыстарының жағдайына талдау жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық ДОСААФ комитетi /Шаңбаев/ әскери комиссариаттармен бiрлесiп әскери мамандықтар бойынша ДОСААФ ұйымдарында оқу үшiн үмiткерлердi анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзсiн.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмшiлiгiнiң iшкi iстер басқармасы /Сұлтанов/ әскери комиссариаттарды қылмысты жауапкершiлiкке тартылған, құқық бұзушылыққа бейiм 1979 жылы туылған жасөспiрiмдер жайында жеткiлiктi хабарлармен қамтамасыз етсiн және iшкi iстер әскерлерiнде қызмет көрсету үшiн шақырушыларды iрiктеуге ат салыссын.
Тармақ 9
9. Облыстың әскери комиссариаты /Нұров/ тiркеуге алу нәтижелерi туралы хабарламаны облыс әкiмшiлiгiне 1996 жылғы мамырға дейiн тапсыратын болсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмi аппараты құқық қорғау органдары бөлiмiне /Бейсалиев/ жүктелсiн.