О предоставлении социальных выплат на санаторно-курортного лечения отдельным категориям граждан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағын 14 тармақшасын, 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының»Қазақстан республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағын 3 тармақшасын, 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және оларға жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабын орындау үшін және аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 36-2 «2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер азаматтардың төмендегі санаттарына берілсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда ерлік еңбек және мінсіз қызмет еткені үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға;
Тармақ 2
2. Қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы М.И.Омарова бөлінген қаржы шегінде азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерге ақша қаражатты уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-бастығы С.СДоровик азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдердін ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің орынбасары М.Б.Калиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Он күнтізбелік күн ішіндегі оның бірінші күннен бастап қаулы енгізіліп тіркелсін.