Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы
Әділет Министірлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығының негізінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 .Шығарылған сот үкіметіне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушілер сотталған азаматтарды қала аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттерді отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс , жолдары және оның аймағын тазалау жұмыстарына, санитарлық қызметтерге тартылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аталған тізімде көрсетілген мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстардың төлемақыларын жергіліктер бюджетке аударылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
2007 жылғы 7.09. № 3878
қала әкімдігінің қаулысына қосымша
Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Орталық қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын/С.С.Бекназаров/
Тармақ 2
2. «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Ж.С.Мукашев/
Тармақ 3
3. «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Н.О.Қайнарбеков/
Тармақ 4
4. «Өзенкөктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Ж.Б.Туров/
Тармақ 5
5. «Өзен жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Б.А.Ақшабаев/