Об установлении стоимости разовых талонов для физических лиц, деятельность которых носит эпизодический характер, и занимающихся реализацией товаров на рынках Күшін жойған
Басқа 0
Сауда орындарында тауарларды ауық-ауық сату түрімен айналысатын жеке тұлғаларға бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
Целиноград ауданы бойынша салық комитеті ұсынған мәліметтерді қарастырып, 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауық-ауық қызмет түрін көрсететін жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сауда орындарында (дүңгіршек, стационарлық ғимараттарда (оқшауланған блоктарда) базар аумағында шарт бойынша жалға алынған) тауарлардың сатумен айналысатын жеке тұлғаларға бір жолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әділет басқармасында 2004 жылғы 4 маусымда № 2581 бойьшша тіркелген, аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 28 сәуірде № 47/6-3, «Кәсіпкер қызметінің бөлек түрлеріне бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Шешім аудандық «Призыв»- «Ұран» газетінде ресми түрде басылғаннан кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
Целиноград ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
И.Рзаев
«26» 08 2007
Басқа 6
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
27 тамыздағы № 1/10-4 «Сауда
орындарында тауарларды ауық-ауық
сату түрімен айналысатын жеке
тұлғаларға бір жолғы талондардың
құнын бекіту туралы»
шешіміне 1 қосымша
Жеке тұлғалардың қызмет көрсетуі ауық-ауық түрінде болатын жеке тұлғалардың бір жолғы талондырдың құны
№ п/п
Қызмет түрлерінің атауы
бір жолғы талондардың құны, 1 күнге теңге есебімен
1.
Сату (стационарлық мекемелеріндегі қызмет көрсетуден басқа):
1) газет пен журналдар;
2) тұқымдар, сондай-ақ отырғызатын дәндер (көшеттер);
3) бақшалық егістер;
4) саяжай мен үй жанындағы учаскелерінде өсірген тірі гүлдер;
5) ауылшаруашылығын қосалқы шаруашылығының азық-түрлері, доғалық учаскелердің бау-бақшаларын
100
100
100
100
100
2.
Жер телімдерін жеке трактор иелерінің өңдеу қызметтері
200
3.
Жеке жеңіл және жүк автокөліктері бар иесінің тасымалдау бойынша қызмет:
1) жолаушыларды;
2) жүктерді
150
300
4.
Үй малдары мен құстарына арналған жем-шөпті сату
250
5.
Сыпырғыштарды, жабайы жидектерді, балдарды, саңырауқұлақтарды, балықтарды сату
100
6.
Үй малдары мен құстарын жаю
100
Басқа 7
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
27 тамыздағы № 1/10-4 «Сауда
орындарында тауарларды ауық-ауық
сату түрімен айналысатын жеке
тұлғаларға бір жолғы талондардың
құнын бекіту туралы»
шешіміне 2 қосымша
Сауда орындарында (дүңгіршек, стационарлық ғимараттарда (оқшауланған блоктарда) базар аумағында шарт бойынша жалға алынған) тауарларды сатумен айналысатын жеке тұлғаларға бір жолғы талондардың құны
№
Тауарлардың атауы
бір жолғы талондардың құны, 1 күнге теңге есебімен
1.
Ет
200
2.
Сүт өнімдері
100
3.
Көкөністер, жемістер
200
4.
Кондитерлік тауарлар
100
5.
Басқа азық-түліктер
100
6.
Бас киімдер
250
7.
Тері-былғары өңімдері
250
8.
Басқа киімдер
100
9.
Аяқ киім
100
10.
Құрылыс материалдары
250
11.
Жуу тауарлары
100
12.
Басқа шаруашылық бұйымдар
100
13.
Қосалқы бөлшектер
250
14.
Басқа халық қолдану тауарлары
100