О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР ПҮАЖ-ында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының  3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігін (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетін таратсын;  P080141
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Бәсекелестікті қорғау комитетінің штат санын құрылатын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Бәсекелестікті қорғау комитетінің міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығының  1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: " Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі  (Монополияға қарсы агенттік)".
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті