О проведении единовременного учета скота во всех категориях хозяйств области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық барлық санаттағы шаруашылықтарында өз мерзiмiнде малдың есебiн алуды жүргiзу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 25 қыркүйектегi
жеделхатына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасы туралы"
Заңына сәйкес, облыстағы мал саны туралы толық және сенiмдi деректер алуға
жету мен мал шаруашылығы өндiрiсiнде барынша дәл болжам, баланстар түзу
мақсатында:
Тармақ 1
1. Санақтың барлық жұмыстарын кешендi дайындау мен ұйымдастыруды
үйлестiру үшiн мынадай құрамда облыстық комиссия құрылсын:
И.Тұрсынқұлов - облыс әкiмшiлiгi ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы /басшысы/
Ж.А.Қожабаев - облыс әкiмшiлiгi ауыл шаруашылығы
басқармасы бастығының орынбасары
Б.Қантөреев - облыстық шаруа қожалықтары мен
фермерлерi қауымдастығының төрағасы
Р.Н.Жаламанова - облыстық статистика және талдау
жөнiндегi басқармасының бастығы
Б.Б.Молдабеков - облыстық салық инспекциясы
бастығының орынбасары
М.М.Оразалиев - облыс әкiмшілiгi iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары
Тармақ 2
2. Қала, аудан, поселке және ауыл өкiмдерi, балансында мал мен құсы бар шаруашылық жүргiзу мен меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорын және ұйымдардың басшылары шаруа /фермерлiк/ қожалықтары мен аулалардың мал түлiгi мен құстың барлық түрлерiнiң 1995 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi жағдайы бойынша 1995 жылғы желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында санақ жүргiзу мен дайындығын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмшiлiгi ауыл шаруашылығы басқармасы /Тұрсынқұлов/, Оңтүстiк Қазақстан шаруалар одағы /Тiлеубердиев/, облыстық ұжымшарлар кеңесi /Маслов/, облыстық шаруа қожалықтары мен фермерлердiң қауымдастығы /Қантөреев/, облыстық статистика және талдау басқармасы /Жаламанова/, облыс әкiмшiлiгi тұрғын үй құрылысы және аумақтарда құрылыс салу комитетi /Садырбаев/, облыстық салық инспекциясы /Крипулевич/, облыс әкiмшiлiгi iшкi iстер басқармасы /Сұлтанов/ барлық меншiк нысандарындағы ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен шаруашылықтарға, қала, аудан, поселке және ауыл әкiмдерiне облыс аумағында малды санақтан өткiзудi ұйымдастыру мен жүргiзуге ықпал етсiн және көмектессiн.
Тармақ 4
4. Облыстық статистика және талдау басқармасы /Жаламанова/:
- қала, аудан, поселке және ауыл әкiмшiлiктерiн облыста мал санағын өткiзу жөнiндегi қажеттi әдiстемелiк нұсқамалармен қамтамасыз етсiн;
- мал санағының қорытындыларын жинақтасын және облыс әкiмшiлiгiне 1996 жылғы 5 қаңтардан кешiктiрмей берсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.