Қолданыстағы ред. 14.03.2007

Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы от 14.03.2007 г. № 250 (Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы)

0

Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және 7 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған «Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібі» бекітілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 6 ақпандағы XXIX сессиясының №245 «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тәнылсын.

3

2007 жылғы 14 наурыздағы
№250 нормативтік құкыктық
кесіммен бекітілген
Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша ТӘРТІБІ

1. 1. Кіріспе

1. Кіріспе
Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес әзірленді және ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

2. 2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы

2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы

1

1. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеуге байланысты табысы аз жекелеген азаматтардың категорияларын анықтау жөніндегі комиссия» қорытындысы бойынша төленеді.

2

2. Бір жолғы әлеуметтік көмек екі жылдан бері ауыз суға жинақталған қарызын өтей алмай отырған тұрмысы төмен отбасыларына беріледі.

3

3. «Қазалы су құбырларын пайдалану» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұсынған тізімі бойынша «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеуге байланысты табысы аз жекелеген азаматтардың категорияларын анықтау жөніндегі комиссиясы» ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау жөнінде шешім қабылдайды.

3. 3. Ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері

3. Ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері

4

4. Бір жолғы әлеуметтік көмектің мөлшері әрбір отбасының ауыз суға екі жылдан бері жинақталған қарызының ең кемінде 80 пайызы мөлшерінде қанағаттандырылуы қажет.

4. 4. Тиісті құжаттардың тізбесі

4. Тиісті құжаттардың тізбесі

5

5. Ауыз суға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмекті алуға үміткер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеуге байланысты табысы аз жекелеген азаматтардың категорияларын анықтау жөніндегі комиссияға» мына қүжаттарды үсынады:
әлеуметтік көмек алушының арызы;
тиісті органдардан ауыз суға қарызын көрсеткен анықтамасы;
тұрғылықты жерінен отбасы мүшелерінің күрамы көрсетілген анықтама;
әлеуметтік көмек алушының төлқұжаты;
салық төлемдерінің тіркелген нөмірі (СТТН)

5. 5. Қаржыландыру көздері

5. Қаржыландыру көздері

6

6. Ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.

7

7. Ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.