¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы «¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген «¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің уақытылы тағайындалуы және төленуін қамтамасыз ету «Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен сүралсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 сәуірдегі №258 нормативтік құқықтық кесімімен бекітілген ¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердін екінші рет некеге түрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже «¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес әзірленді және ¥лы Жеңістің 62 жылдығына орай ¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеуге жеңілдіктер беруді және 10000 (он мың) теңге көлемінде бір жолғы материалдык көмек көрсетуді белгілейді.
Тармақ 2
2. Жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу «Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жеңілдіктер беру 2007 жылдың 1 маусымынан-31 желтоқсаны аралығында 7 ай мерзімге көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Жеңілдіктер түрлері
2. Жеңілдіктер түрлері
Тармақ 4
4. Жеңілдіктер беру байланыс қызметіне және коммуналдық қызметтің мына түрлері бойынша тағайындалады:
Тармақша 1
1) Әлектр жарығы үшін;
Тармақша 2
2) Қатты отын (көмір) алу үшін;
Тармақша 3
3) Ауыз суға;
Тармақша 4
4) Газға;
Тармақша 5
5) Телефонға.
Тарау 3. 3. Жеңілдіктер мен материалдық көмектің мөлшері
3. Жеңілдіктер мен материалдық көмектің мөлшері
Тармақ 5
5. Жеңілдіктер және материалдық көмек мөлшері:
Тармақша 1
1) Әлектр жарығы 1 айға-45 кВт;
Тармақша 2
2) Қатты отын (көмір) пайдалану от жағатын қысқы мезгілде айына 0,5 тонна;
Тармақша 3
3) Ауыз суға тариф бойынша;
Тармақша 4
4) Газға 1 кіші баллон 10 киллограмм;
Тармақша 5
5)Телефонның әр айдағы абоненттік ақысына; Сонымен қатар, бір жолғы материалдық көмек мөлшері 10000 (он мың) тенгені қүрайды.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру және төлеу
4. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 6
6. Коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру және материалдық көмек көрсету шығындары «Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451007000332 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады және осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жеңілдіктер мен материалдық көмек алушылардың құқығын растайтын құжат ¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаган жесірлерінің «Аудандық зейнетақы төлеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің ай сайынғы ұсынылған мөрімен расталған тізімі болып табылады.
Тармақ 8
8. Бір жолғы материалдық көмек алушыларға белгіленген қаржы екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке шоттарына аударылады.
Тармақ 9
9. Жеңілдіктер мен материалдық көмек алушы қайтыс болған жағыдайда қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған негіздерге сәйкес тоқтатылады.