Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген «Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ереже» қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің уақытылы тағайындалуы және төленуін қамтамасыз ету «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен сұралсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2007 жылғы 23 мамырдағы
№265 нормативтік құқықтық
кесімімен бекітілген
Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ЕРЕЖЕ
Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ереже «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 21 қыркүйектегі XV сессиясының №114 шешімімен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру» Ережесін басшылыққа алып әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
1.Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ереже ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық шығындардың тұрғын үй көмегімен өтелуін анықтап береді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын үйді жалға алу жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтемақы.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20 пайыз мөлшерінде ,отбасының жиынтық табысымен белгіленген.
Тармақ 4
4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.
Тармақ 5
5. От жағатын қысқы мезгіл 15 қазаннан бастап, келесі жылдың 15 сәуіріне дейін белгіленген.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы беріледі.
Тармақ 7
7. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 9
9. Төмендегі отбасылары:
мүгедектер және 80 жастан асқан қарияларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды, күндізгі оқыту нысанындағы оқитын оқушылар мен студенттерді, үш жасқа дейінгі және үштен жоғары балаларды тәрбиелеп отырған (баласының ең кішісінің бірінші сыныпты аяқтағанша), өзін-өзі қамту мақсатында жұмыс істеп жүрген адамдарды қоспағанда, тұрғын үй көмегін алмайтындар:
Тармақша 1
1) жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер;
Тармақша 2
2) отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса. әскерде қызмет естпесе және жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмағандар;
Тармақша 3
3) ұсынылған жұмыстан бас тартқандар, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар.
Тарау 3. 3. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін коммуналдық қызметтер
3. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін коммуналдық қызметтер
Тармақ 10
10. Қызмет түрлері:
Тармақша 1
1) Орталықтандырылған жылу.
Тармақша 2
2) Электр қуатымен қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Сумен жабдықтау.
Тармақша 4
4) Канализация.
Тармақша 5
5) Қоқыс әкету.
Тармақша 6
6) Жеке(баллонмен) газбен қамтамасыз ету.
Тармақша 7
7) Тұрғын үйді ұстауға кететін шығындар (ПИК).
Тармақша 8
8) Қатты отын (көмір).
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан аспауға тиісті.
Тармақ 12
12. Айдың 25 жұлдызынан кейін арыз берген азаматтарға тұрғын үй көмегі келесі айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегі арыз берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдык қызметтер мөлшері мен тарифтері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жалған мәліметтерді әдейі бергені, оның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы көмек алу құқығынан айырылады, ал, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Көмектің мөлшері жалға алушының (меншік иесі) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тарау 5. 5. Тиісті құжаттардың тізбесі
5. Тиісті құжаттардың тізбесі
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегіне өтініш жасағанда келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) тұрғын үй көмегін алуға арызы;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы жөнінде анықтама (неке қию туралы куәлігі немесе некені бұзу туралы куәлігі, еңбек кітапшаларының көшірмесі);
Тармақша 3
3) тұрғын үй алаңы көлемі туралы анықтама (тұрғын үйді жекешелендіргені туралы келісім шарт)
Тармақша 4
4) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы кұжаттары (нақты алынған айлық табысы жөніндегі анықтама, зейнетақысы, жәрдемақысы, нәпаха, салық қызметінен, басқа да табыстары жөніндегі);
Тармақша 5
5) отбасы мүшесі қайтыс болған жагдайда, азаматтардың хал актілерін жазатын органнан қайтыс болғаны туралы берілген құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) Су құбырлары жүргізілмеген ауылдық жердің тұрғындарының пайдаланған ауыз суының мөлшері мен құны көрсетілген ауыл әкімдерінің берген анықтамасы.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы
6. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) жоғарыда көрсетілген құжаттарының негізінде 10 күн ішінде қабылданады.
Тармақ 16
16. Ұсынылған кұжаттардың негізінде, отбасына келісім шарт жасалынып, оған есептелінген көмек есебі енгізіледі. Келісім шарт екі данада жасалынып, оның біреуі тұрғын үйді жалға алушыда (меншік иесінде) сақталады.
Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылды.
Тармақ 17
17. Ақпараттың растығына күмән туған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалалар тұрғын үй көмегін алушы үміткерлердің табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 18
18. Шиеленісті, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жагдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.
Тарау 7. 7. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері
7. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері
Тармақ 19
19. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына:
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
Тармақ 20
20. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
бас бостандығынан айырылғандар;
интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
Тармақ 21
21. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
Тармақ 22
22. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай тұрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
Тармақша 1
1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын, үйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
Тармақша 2
2) зейнетақылар, шәкіртақылар, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, бұрынғы белгіленген жеңілдіктер орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, қаржыландыру көзіне байланыссыз жәрдемақылардың басқа түрлері, өтемақы және әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
Тармақша 4
4) денсаулығына келтірілген зардаптармен және басқа зақымдар шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар;
Тармақша 5
5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
Тармақша 6
6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен алынған;
Тармақша 7
7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;
Тармақша 8
8) балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 9
9) 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі жөнінде берілетін жәрдемақы;
Тарау 8. 8. Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін есептеу
8. Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін есептеу
Тармақ 23
23. Аудан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтамасыз етілген отбасыларына төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіліп, тағайындалып, төленсін:
Тармақша 1
1) әлектр қуаты 1 айға 1 адамға 45 квт/сағ, 2 адамға 90 квт/сағ, 3 адамға 135 квт/сағат, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 150 квт/сағат;
Тармақша 2
2) газды пайдалану 1 айға 4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 кішкентай балон, салмағы - 10 кг, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 үлкен балон, салмағы - 20 кг;
Тармақша 3
3) ауыз су пайдалану 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша;
Тармақша 4
4) Су құбырлары жүргізілмеген ауылдық жердің тұрғындарының пайдаланған ауыз суының мөлшері мен құны ауыл әкімдерінің берген есебі бойынша;
Тармақша 5
5) Тұрғын үй заңдарына байланысты санитарлық пайдалану шығыны 1 адамға 1 айға 18 шаршы метр;
Тармақша 6
6) Орталықтан жылытылатын тұрғын үйдің отбасылары үшін жылуға 1 адамға 1 айға 18 шаршы метр;
Тармақша 7
7) Үйдің күл-қоқыстарын шығару үшін әр отбасына;
Тармақша 8
8) Канализация 1 айға 1 адамға;
Тармақша 9
9) Қалалық телекоммуникация желісіне косылған телефон үшін абоненттік ақыны үлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін ақы төлеу.
Тармақша 10
10) Қатты отын (көмір) пайдалану әр отбасына от жағатын қысқы мезгілде айына 0,5 тоннадан;
Тармақша 11
11) Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу.
Тарау 9. 9. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
9. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау мен басқа уәкілетті органдардың анықтамасымен жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жауап береді.
Тарау 10. 10. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
10. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
Тармақ 27
27. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау кұқығы бюджет мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдарға беріледі.