Қазалы қаласы, Әйтеке би
кенті және ауылдық округ аймақтарының жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларына түзету коэфициенттерін және Әйтеке би кентіндегі жерлерді
аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Қазақстан
Республикасының Жер кодексінің 8, 11
баптарына және
«Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының
1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ аймақтарының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін және Әйтеке би кентіндегі жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы от 23.05.2007 г. № 266 (Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ аймақтарының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін және Әйтеке би кентіндегі жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы)
1. «Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ
аймақтарының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету
коэффиценттері №1 қосымшаға және Әйтеке би кентіндегі жерлерді аймақтарға бөлу
жобасы (схемасы)» №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 24 желтоқсандағы
кезектен тыс сессиясының «Жер аукционы мен конкурстар өткізу және аукционда
сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесін және қолданылатын коэффициенттерді
бекіту туралы» №47 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2007 жылғы 23 мамырдағы
№266 нормативтік
құқықтық
кесімге 1 қосымша
Қазалы қаласы , Әйтеке би кенті мен
ауылдық округ аймақтарының жер учаскелері
үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициеттері
р/с
Елді мекен атауы
Қолданылатын коэффициент
1
Қазалы қаласы
0,5
2
Әйтеке би кенті
І-топтағы жерлер-2,0
//--//--//
ІІ-топтағы жерлер-2,0-1,0
//--//--//
ІІІ-топтағы жерлер-1,0-0,5
3
Ауылдық елді мекендер
1,0
I- топтағы жерлерге - инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдармен жақсы қамтамасыз етілген
қызмет көрсету орталықтары жақын жерлерде орналасқан.
II- топтағы жерлерге-инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдармен орташа
қамтамасыз етілген қызмет көрсету орталықтары жақын жерлерде орналасқан.
III- топтағы жерлерге - инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдармен аз қамтамасыз етілген қызмет көрсету орталықтары қашық жерлерде орналасқан.
2007 жылғы 23 мамырдағы
№266 нормативтік құқықтық
кесімге 2 қосымша
Әйтеке би кентіндегі жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)