О доверенных лицах и членах инициативных групп политических партий, выдвинувших партийные списки, для избрания депутатов в Мажилис Парламента Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау үшін партиялық тізімдер ұсынған саяси партияның сенім білдірген адамдары мен бастамашыл топтарының мүшелері туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12, 30 және 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Партиялық тiзiмдерiн тiркеген саяси партиялар сайлау науқанын жүргiзген кезде тиiстi саяси партияның өкiлi болып табылатын әрбiр облыста, Астана және Алматы қалаларында сенiм бiлдiрген бiр-бiр адамы болуына құқылы деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Партиялық тiзiмдерiн тiркеген саяси партиялар сайлау науқанын жүргiзген кезде барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында саяси партиялардың бастамашыл топтарын құрады. Бастамашыл топтардың саны мен олардың сандық құрамын саяси партиялардың өздерi дербес белгiлесiн.
Тармақ 3
3. Партиялық тiзiмдерiн тiркеген саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдары мен бастамашыл топтарының мүшелерiн тiркеудi және оларға тиiстi куәлiктер берудi облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi тiркеген сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
төрайымы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы