Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауруына салынған шектеуді алу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауруына салынған шектеуді алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және аудандық бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2007 жылғы 13 қыркүйектегі ұсынысы бойынша, Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Манабай жайлауына ірі қара малдарының пастереллез ауруынан сауықтыру шараларын орынадалу барысында, малдар арасында пастереллез ауруының тоқтағанына байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 146 «Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы» қаулысымен Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты салынған шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Ақбұлақ селолық округінің әкіміне (Уржанов), Шыңғырлау аумақтық инспекциясымен (Досказиев) бірлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.