О некоторых вопросах организации деятельности пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 27-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарының өтуін оңайлату мен жеделдету, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу пункттерінің қызметші оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қараңыз.K100296
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты көліктік, ветеринарлық, фитосанитарлық және санитарлық-карантиндік бақылау органдарының (бұдан әрі - бақылаушы органдар) іс-қимылын үйлестіруші орган болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, 2007 жылғы 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы және оларды орналастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді мына бөлігінде қамтамасыз етсін: кеден органдарының бақылаушы органдар іс-қимылын үйлестіруін белгілеу; бақылаушы органдардың бақылауды іске асыру мерзімін белгілеу; кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тауарлар мен көлік құралдарына құжаттарды қабылдау және беруді жүзеге асыру; кеден органдарының қажеттілігіне қарай заңнамада белгіленген құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыру үшін бақылаушы органдарды тарту;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру нәтижелері бойынша 2008 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі