О снятии ограничительных мероприятий по заболеванию бешенством собак и кошек в селе Жылымды Булакского сельского округа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұлақ селолық округінің Жылымды ауылында иттер мен мысықтардың құтыру ауыруы бойынша шектеу шараларын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2007 жылғы 15 қазандағы ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы Бұлақ селолық округінің Жылымды ауылы аумағында иттер мен мысықтардың құтыру ауыруы бойынша шектеу шаралары тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Зеренді адуанының Әділет басқармасында 2007 жылғы 10 тамызда № 1-14-67 тіркелген, Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы № 311 «Бұлақ селолық округінің Жылымды ауылында иттер мен мысықтардың құтыру ауыруы бойынша шектеу шараларын орнату туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Дүйсеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.