Атырау қаласы аумағында көшпелі сауда нысандарының орналасу орындарын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласы аумағында көшпелі сауда нысандарының орналасу орындарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабы 3 тармағына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №370 «Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу жөніндегі 2007 – 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы», Атырау қаласы әкімінің 2007 жылғы 25 наурыздағы № 40 «Атырау қаласында инфляциялық үрдістерді реттеу жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» өкімдерін басшылыққа ала отырып, қалада ифляцияға қарсы кешенді саясатты жүзеге асыру мақсатында, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы аумағында көшпелі сауда нысандарының орналасуы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күттізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Әбдіровке жүктелсін. Жобаны ұсынушы: Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастыгы Қ. Тұрғанов Келісілді: Қала әкімінің орынбасары А. Әбдіров Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев Қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиев Қала әкімі аппаратының жетекшесі Н. Ожаев Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Н. Оразғалиев Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бастығы К. Ермекова Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Қ. Аюпова Қосымша келісілді: Атырау қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Т. Мұсағалиев 22.10.2007ж. Атырау қаласы жол полициясы бөлімшесінің бастығы Ә. Қайыров 22.10.2007ж. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Н. Оразбаев 22.10.2007 ж.
Басқа 4
Атырау қалалық әкімиятының 2007 жылғы «22» қазан № 715 қаулысына қосымша Атырау қаласы аумағындағы көшпелі сауда нысандарының орналасу кестесі № р/с 1. Көкөніс өнімдерін сату нысандарының уақытша орналасу мекен-жайы Бірліктер саны Сауда жүргізу мерзімі Автокөліктен Сауда шатырынан 1. «Дина»базары 15 17.11.07ж.дейін 2. «Коктем»базары 20 17.11.07ж.дейін 3. «Мұрагер»базары 10 20 17.11.07ж.дейін 4. Тұрғындар қалашығы, Мұқанов көшесі, «Бриз» дүкені маңындағы алаң 1 2 17.11.07ж.дейін 5. Әуезов көшесіндегі 52а, 52б, 52в үйлерінің алаңы 1 2 17.11.07ж.дейін 6. Авангард, 3мөлтек ауданы, «Жеңіс» саябағы ауданы, (43 үй маңы) 3 2 17.11.07ж.дейін 7. Каспий мөлтек ауданы 1 1 17.11.07ж.дейін 8. Азаттық даңғылы, 46 үй ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін 9. С. Датов көшесі, 11-15 үйлер ауласы 1 2 17.11.07ж.дейін 10. Дружба көшесі, 7-8 үйлер ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін 11. Балықшы кенті, Құнанбаев көшесі, 28 үй маңы 5 5 17.11.07ж.дейін 12. Сәтпаев көшесі, №54 үй ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін 13. Лесхоз мөлтек ауданындағы №38,19,30,37,29 үйлер ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін 14. Авангард, 4 мөлтек ауданы №7 үйдің алды 2 2 17.11.07ж.дейін 15. Тұрғындар қалашығы, Суворов көшесі, №5 үй ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін 16. Сары-Арқа мөлтек ауданы, №33 үй ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін 17. Әуезов көшесі, №27 үй маңы 1 2 17.11.07ж.дейін 18. Авангард, 2 мөлтек ауданы, №6 үй 1 2 17.11.07ж.дейін 19. СМП-136 мөлтек ауданы, №5 үй маңы 2 2 17.11.07ж.дейін 20. Авангард, 4 мөлтек ауданы, № 14 үй ауласы 2 -- 17.11.07ж.дейін 21. Алмагүл мөлтек ауданы, №15 үй ауласы 3 1 17.11.07ж.дейін 22. Авангард, 4 мөлтек ауданы, №8 үй ауласы 1 1 17.11.07ж.дейін