Сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу және үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу және үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар үйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа алып және аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлескен мәжілістің қорытындысы бойынша Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу кезінде бұқаралық сайлау алдындағы іс-шараларды (бұдан әрі- сайлау алдындағы іс-шаралар) өткізетін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Төртінші сайланатын Қазакстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына Қандидаттарға (бұдан әрі-Қандидаттар) арналған үгіт баспа материалдарын (бүдан әрі-үгіт баспа матариалдары) орналастыру үшін орындар 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінен (К.Өтеев, келісімі бойынша) осы қаулымен бекітілген сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу орындарында коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 4
4. Аудандық штаб (Т.Жүсіпов) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы : сайлау алдындағы іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушыларға және қатысушыларға:
Тармақша 1
1) көліктің және жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасауға;
Тармақша 2
2 ) елді мекендердің инфрақұрылым обьектілердің тоқтаусыз жұмыс істеуіне кедергі келтіруге;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз үйлер, шатырлар, тағы басқа уақытша құрылыстар орнатуға;
Тармақша 4
4) отырғызган ағаштарға және кіші сәулеттік нысандарға зиян келтіруге;
Тармақша 5
5) заңды тұлғалардың жеке меншігіне және азаматтарға материалдық зиян келтіретін, адамдардың өміріне және денсаулығына қарсы пайдалануға болатын суық, атылатын және басқа арнайы дайындалған немесе бейімделген қаруларды өзімен бірге алып жүруге;
Тармақша 6
6) іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне араласуға тыйым салынатынын түсіндірсін.
Тармақ 5
5. Қала, кент, ауылдық округі әкімдері және «Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.Бұхарбай):
Тармақша 1
1) стендтермен, қалқандармен, тумбалармен үгіт баспа материалдар орналастыратын осы қаулымен бекітілген орындарды жабдықтасын;
Тармақша 2
2) Кандидаттарға тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар құрылыстарға, ғимараттарға, обелискілерге, ескерткіштерге, сондай-ақ дауыс беретін жерлерге үгіттеу материалдарын ілуге тыйым салынатынын түсіндірсін.
Тармақ 6
6. «Сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу және үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» Қазалы ауданды әкімдігінің 2005 жылғы 17 қазандағы №110 қаулысының (мемлекеттік тіркеу №10-4-16, 21.10.2005ж.) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Т.Жүсіповке жүктелсін.
Басқа 16
2007 жылғы «27» маусымдағы № 105 нормативтік құқықтық кесімге 1 –қосымша Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу кезінде бұқаралық сайлау алдындағы іс-шараларды өткізетін орындар Өткізілетін орын Орналасқан жері № 60 Қазалы жол дистанциясының мәжіліс залы (келісімі бойынша) Әйтеке би кенті Қалалық мәдениет Үйі Қазалы Қаласы Ақсуат ауылдық клубы Майлыбас ауылдық округі Өркендеу ауылдық клубы Оркендеу ауылдық округі Абай ауылдық клубы Сарыкөл ауылдық округі. Абай ауылы Жанқожа батыр ауылдық клубы Арықбалық ауылдық округі. Жанқожа батыр ауылы Қожабақы ауылдық клубы Аранды ауылдық округі, Қожабақы ауылы Бекарыстан би ауылдық клубы Майдакөл ауылдық округі. Бекарыстан би ауылы Бозкөл ауылдық клубы Бозкөл ауылдық округі, Бозкөл ауылы Жалаңтөс батыр ауылдық клубы Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылы Түктібаев ауылдық клубы Алға ауылдық округі. Ү.Түктібаев ауылы Ақтан батыр ауылдық клубы Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылы Басықара ауылдық клубы Басықара ауылдық округі, Басықара ауылы К.Пірімов ауылдық клубы Құмжиек ауылдық округі, Қ.Пірімов ауылы Кәукей ауылдық клубы Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы Мұратбасв ауылдық клубы Мұратбаев ауылдық округі, Г.Мұратбаев ауылы Ақжона ауылдық клубы Ақжона ауылддық округі, Майдакөл ауылы Бірлік ауылдық клубы Бірлік ауылдық округі. Бірлік ауылы Шәкен ауылдық клубы Шәкен ауылдық округі. Шәкен ауылы Сарбұлақ ауылдық клубы Сарбұлак ауылдық округі. Сарбұлақ ауылы Тасарық ауылдық клубы Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы
Басқа 17
2007 жылғы «27» маусымдағы № 105 нормативтік құқықтық кесімге 2-қосымша Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына Кандидаттарға арналған үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін арналған орындар Елді мекеннің атауы Орналасқан жері Әйтеке би кенті Әйтеке би көшесі мен Төле би көшесі қиылысындағы пано Қазалы Қаласы Қалалық мәдениет Үйінің алдындағы хабарландыру және жарнама ілетін 2 дөңгелек тұғыр: Жанқожа батыр көшесі мен 1 Түктібаев көшесінің ортасындағы хабарландыру ілетін дөңгелек тұғыр; Жалаңтөс батыр көшесі мен Қорқыт ата көшелерінің қиылысындағы дөңгелек тұғыр. Қалалық орталық аялдама алаңындағы хабарландыру ілетін дөңгелек тұғыр. Қорқыт ата көшесі бойындағы Қалалық саябақ жанындағы хабарландыру ілетін тұғыр Майлыбас ауылдық округі Ауылдық клуб жанындағы жарнама ілетін тұғыр Өркендеу ауылдық округі Ауылдық клуб алдындағы пано Сарыкөл ауылдық округі Абай ауылы Ауылдық клуб жанындағы жарнама ілетін орын Арықбалық ауылдық округі Жанқожа батыр ауылы Ауылдық клуб жанындағы хабарландыру мен жарнама ілетін орын Аранды ауылдық округі, Қожабақы ауылы Ауылдық клуб жанындағы хабарландыру ілетін тұғыр Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би ауылы Орталық алаңдағы дүкен жанына Бозкөл ауылдық округі, Бозкөл ауылы Өтепбергенов көшесі бойындағы аялдама жанындағы жарнама ілетін тұғыр Қарашенгел ауылдық округі. Жалатөс батыр ауылы Ауылдық клуб жанындағы хабарландыру мен жарнама ілетін тұғыр Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылы Ауылдағы «Катюша» дүкенінің жанындағы және ауылдық кітапхана жанындағы хабарландырулар ілетін орындар Коларық ауылдық округі, Актан батыр ауылы Ауылдық клуб жанындағы жарнама ілетін тұғыр Басықара ауылдық округі, Басықара ауылы Бейбітшілік көшесі бойындағы сауда орталығы жанындағы афиша Құмжиек ауылдық округі, К.Пірімов ауылы Ауылдық клуб жанындағы жарнама ілетін орын Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы Ауылдық клуб жанындағы хабарландыру мен жарнама ілетін орын Мұратбаев ауылдық клубы. Ғ.Мұратбаев ауылы Ауыл орталығындағы орталық алаң Ақжона ауылдық округі. Майдакөл ауылы «Аманқос» дүкені жанындағы афиша Бірлік ауылдық округі. Бірлік ауылы Пошта бөлімшесі ғимаратының алды Шәкен ауылдық округі, Шәкен ауылы Ауылдағы мектептің аланы Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылы Ауылдық клубтың алаңы Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы Ауылдағы клубтың алаңы