Қолданыстағы ред. 11.09.2007

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы от 11.09.2007 г. № 232 (Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы)

0

Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды ұйымдастыру
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына және әскерге шақырушыларды кезекті әскерге шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту, кезекті аудандық шақыру пунктін сапалы және уақытында қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығынан айырылған 27 жасқа дейі ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.

2

2. азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасты мен өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Ұйымдар, мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім қарамағына 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметшілер бөлу ұсынылсын.

4

4. Поселке және селолық округ әкімдері 3 қосымшаға сәйкес әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулері және қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге тұрғылықты жерінен Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және кері қарай тұрғылықты жеріне дейін жеткізуді қамтасыз етсін.

5

5. Атырау облысы денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):

1

1) әскерге шақырушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ- электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшін емдеу профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;

2

2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

6

6. 4 қосымшаға сәйкес мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу ұсынылсын.

7

7. Атырау облысы ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөліміне (Б.Рахметов) (келісім бойынша) Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп (келісім бойынша)

1

1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;

2

2) әскерге шақырулы комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адмадарды жедел іздестіріп тауып, Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу;

3

3) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жинақтаушы пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның күшейтілген нарядын бөліп, командаларды көлікке отырғызу жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.

8

8. Жылыой ауданы қаржы бөлімі 2007 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

9

9. Жылыой аудандық әкімиятының 2007 жылғы 18 сәуірдегі №107 «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулының (Жылыой ауданының әділет басқармасында 2007 жылы 18 мамырда №4-2-67 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Кең Жылыой» газетінде 2007 жылы 22 маусымда №25 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.

11

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«11» 09 2007 жыл А. Қоқатов
Атырау облысының ішкі істер
департаменті Жылыой ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
«06» 09 2007 жыл Б. Рахметов
«Атырау облысы денсаулық
сақтау департаментінің
Жылыой аудандық орталық
аурухананың» бас дәрігері
«06» 09 2007 жыл Т.Қалиев
«Жылыоймұнайгаз» мұнай газ
өндіру басқармасының бастығы
«6» 09 2007 жыл А.Ғабдуллин
«Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің Құлсары қаласындағы
филиалының бастығы
«10» 09 2007 жыл А.Нұрбауов
«Казкомсервис» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
«07» 09 2007 жыл Н.Оспағанбетов
«Құлсары мұнай құбырлары
басқармасының бастығы
«07» 09 2007 жыл А.Бешімов
«Жылыойкөлік» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
«07» 09 2007 жыл Қ.Надиров
«АБТ-Лимитед» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бастығы
«10» 09 2007 жыл Б.Қаражанов
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы
Құлсары жол дистанциясы
филиалының бастығы
«10» 09 2007 жыл Т.Байбеков
«Бақай» корпорациясының
директоры
«7» 09 2007 жыл М.Балжігітов
«Ақниет-Ембі» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
«07» 09 2007 жыл С.Өтенов
«Барыс» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бастығы
«07» 09 2007 жыл Н.Уразов
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы
«Құлсары сигнализация және
байланыс дистанциясы» филиалының
бастығы
«10» 09 2007 жыл С.Сейілханов

17

Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 232 қаулысына 1 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық әскери шақыру комиссиясының құрамы
Қоқатов Ардақ Құлымжанұлы -Атырау облысы Жылыой
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит Сағиұлы - Жылыой ауданы әкімінің
орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары
Тулеуова Сара -Жылыой аудандық емхананың
мейірбикесі,комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Минтаев Азат - Атырау облысы ішкі істер
Спатайұлы департаменті Жылыой
ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Тасымбаева Баян Тасымбайқызы -Жылыой аудандық
емханасының жасөспірімдер
дәрігері (келісім бойынша)

18

Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 232 қаулысына 2 қосымша
Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер
р/с
Мекеменің аты
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер саны
1
«Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Құлсары қаласындағы филиалы
қазан 31 желтоқсан
1
2
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Құлсары жол дистанциясы филиалы
қазан 31 желтоқсан
1
3
Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
қазан 31 желтоқсан
7
4
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы
қазан 31 желтоқсан
1
5
«Құлсарымұнайқұбырлары» басқармасы (келісім бойынша)
қазан 31 желтоқсан
1
6
«Бақай» корпорациясы (келісім бойынша)
қазан 31 желтоқсан
1
7
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
қазан 31 желтоқсан
1
Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» туралы Заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлердің Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өз міндеттерін атқарған уақыттарында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.

19

Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 232 қаулысына 3 қосымша
2007 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өту
К Е С Т Е С І

р/с
Поселкелік, селолық аймақтардың атаулары
Комиссиядан өту күндері
қазан
1
Жаңа-Қаратон
11,19,27
2
Қара-арна
12,20,28
3
Қосшағыл
13,21
4
Жем
14,24
5
Ақкиізтоғай
17,25
6
Майкөмген
18,26
7
Құлсары
қазаннан- 31 желтоқсанға дейін
Күнделікті комиссия өтетін күндер:
Қазан 1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,16,17,18,19,22,23,24,25,26,29,30,31
Қараша 1,2,5,6,7,8,9,12,13,14,15,16,19,20,21,22,23,26,27,28,29,30
Желтоқсан 3,4,5,6,7,10,11,12,13,14,17,18,19,20,21,25,27

20

Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 232 қаулысына 4 қосымша
Мекемелердің кезекші көліктерді бөлу кестесі
Р/с
Мекемелердің аттары
Кезекшілік көлік беру мерзімдері
1
"Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасы (келісім бойынша)
1 қазан-12 қазан
2
"Жылыойкөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
13 қазан-24 қазан
3
"Бақай" корпорациясы (келісім бойынша)
25 қазан-5 қараша
4
«Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)
8 қазан-17 қараша
5
"Казкосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
18 қазан-29 қазан
6
"Ақниет-Ембі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
30 қазан-9 қараша
7
«Барыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
12 қараша-21 қараша
8
«АБТ-ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
22 қараша-30 қараша
Ескерту: Кезекші көліктер кезекшілік ету күндерінде таңертеңгі сағат 8.30 - да толық жанар-жағар майымен Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болуы шарт.