О внесении изменений в структуру Северо-Казахстанского областного департамента по труду и социальной защиты населения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің құрамына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.05.24 № 16 Шешімімен Қазақстан Республикасының тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi Министрдiң 29.06.1998 ж. № 138 "Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi жергiлiктi органдардың бөлiмшелерiнiң типтiк /мүшелiк/ құрылымдарына өзгерiстер енгiзу туралы "Бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң 13.08.1998 ж. № 20-23/6475 тапсырмасын /ережесiн/ және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 19.02.1998 ж. № 119 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылғы iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын орындау үшiн облыс әкiмi шешім шығарды:
Тармақ 1
1. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi департаменттiң 01.01.1998 ж. штаттық саны ұсынылған құрылымға сәйкес, облыстық бюджеттен қаржыландыратын 70 бiрлiк бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi департаментiнiң жанынан құрылымдық бөлiмше құқындағы тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсету орталығын құрсын.
Тармақ 3
3. Тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсету орталығы туралы қағидасын 1 қосымшаға сәйкес бекiтсiн.
Тармақ 4
4. Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындарды әлеуметтiк қорғау еңбек жөнiндегi департаментiнiң құрылымын 2 қосымшаға сәйкес бекiтсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмiнiң 1996 жылғы 29 мамырдағы № 118 "Тұрғын үйдi ұстау және тұрғын үй коммуналдық қызметтердiң жаңа төлем жүйесiне кезең-кезеңмен көшу туралы" шешiмiнiң 6.1. пунктiн және жоғарыда көрсетiлген шешiмнiң 2 қосымшасына сәйкес тұрғын үй жөнiндегi жәрдемақы қызметiнiң нұсқаулық ереже қызметiн белгiлесiн.
Тармақ 6
6. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi қалалық бөлiмдердiң тұрғын үй жөнiндегi жәрдемақы орталығының қызметкерлер санының лимитiн Көкшетау қаласы бойынша - 3 бiрлiк, Петропавл қаласы бойынша - 5 бiрлiк жiберсiн.
Тармақ 7
7. Петропавл, Көкшетау қалаларының және облыс аудандарының әкiмдерiне 31.02.1998 жылға дейiнгi мерзiм iшiнде қызметкерлер санының лимитiн, тұрғын үй жөнiндегi жәрдемақыны төлеу жөнiндегi таратылатын орталықтың iстерiн және мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлетiн жiбере отырып, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi аудандық және қалалық бөлiмдер жанынан тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсету орталығын құрсын. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi облыстық департаментпен бiрлесе отырып, тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсету орталығының құрылымының, оларға штаттық бiрлiк, функция және тұрғын үй жөнiндегi жәрдемақы төлеу жөнiндегi таратылатын орталықтың iстерiн және мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттi бере отырып әзiрлесiн және бекiтсiн. Тұрғын үй жөнiндегi жәрдемақының таралатын орталығы қызметкерлерiн, сондай-ақ тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және еңбек жөнiндегi аудандық және қалалық бөлiмдерiн босату қолданылып жүрген заңның талаптарына сәйкес жүргiзiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсiн.
Басқа 9
Облыс әкiмiнiң 1998 ж. 7 қазанындағы N 210 шешiмiне 1 қосымша Солтүстiк Қазақстан облысының халыққа әлеуметтiк көмек көрсету орталығы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Халыққа әлеуметтiк көмек көрсету орталығы /iлгерiде орталық/ Солтүстiк Қазақстан облысының еңбек және халыққа әлеуметтiк көмек департаментiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады және облыс тұрғындарына мекен-жайлық әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiн жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Орталықтың құрылымдық және штаттық саны Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсу бойынша облыс әкiмiнiң анықталады және бекiтiледi.
Тармақ 3
3. Орталықты ұстау шығысы мен материалдық техникалық жабдықтауды қаржыландыру облысты бюджет қаржысының есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Орталықтың негiзгi қызметтерi
2. Орталықтың негiзгi қызметтерi
Тармақ 4
4. Орталықтың негiзгi қызметi болып мыналар табылады: заңдарға сәйкес тұрғындарға мекен-жайлық әлеуметтiк көмек көрсету бөлiгiнде азаматтардың әлеуметтiк құқын қамтамасыз ету; тұрғындарға мекен-жайлық әлеуметтiк көмек көрсетуде мемлекеттiк әлеуметтiк саясаты жүзеге асыру; әлеуметтiк көмектi керек ететiн адамдардың құрамын анықтау; жеңiлдiкке құқы бар азаматтарға, сондай-ақ әлеуметтiк қорғауды керек ететiн азаматтар мен отбасыларға жеке есеп жасау; аз қамтамасыз етiлген азаматтар мен отбасылардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету; жеңiлдiк беруге байланысты мәселенi шешудi; жеңiлдiкке құқы бар азаматтардың жеңiлдiктерiн ақшалай төлеудi; бiржолғы төлемдi, ақшалай өтемдi белгiлеу және жүзеге асыру мәселесiн шешу; балалары бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларға жәрдемақы белгiлеу және төлеу; тұрғын үйлiк жәрдемақыны белгiлеу және төлеу; жерлеу жәрдемақысын белгiлеу және төлеу; мүгедектiк жөнiндегi, асыраушысынан айырылғандығы жөнiндегi, жасы жөнiндегi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны төлеу; аймақтық деңгейде бекiтiлген басқа әлеуметтiк көмек түрлерiн көрсету; аймақтық деңгейдегi тұрғындарға әлеуметтiк көмек бағдарламасын жүзеге асыру және әлеуметтiк қорғаудың республикалық бағдарламасына ұсыну; орталық құзыретке жататын мәселелер жөнiнде азаматтарда қабылдау және кеңес беру; әлеуметтiк көмек алуға үмiттенетiн азаматтардың ұсынысын, өтiнiшiн және арызын қарау және қажеттi шаралар қабылдау; мемлекеттiк әлеуметтiк көмекке құқылығын растайтын, өтiнушiмен ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру; отбасына тиесiлi жәрдемақының сомасын есептеу; шығыстарды жабуға ақшалай қаржының қажеттiлiгiн болжамдау; жоғары ұйымдарға мемлекеттiк есеп және ақпараттық құжаттарды ұсыну; бар заңдарға сәйкес азаматтарға ұсынылған әлеуметтiк көмектiң түрлерi туралы халыққа ақпарат беру; қайырымдылық қормен жұмыс.
Тарау 3. 3. Халыққа әлеуметтiк көмек орталығының құқы мен мiндеттерi
3. Халыққа әлеуметтiк көмек орталығының құқы мен мiндеттерi
Тармақ 5
5. Орталық жүктеген қызметтi атқару үшiн мынандай құқы бар: оған жүктелген қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi анықтамалық, нормативтiк және басқа да құжаттарды өзiнен жоғарғы ұйымдармен және жергiлiктi атқарушы органдармен бекiтiлген тәртiпте талап етуге және алуға; әлеуметтiк көмектi талап ететiн үмiткерлерден, жеңiлдiктер беруге және жәрдемақы тағайындау үшiн заңдылыққа сәйкес құжаттарды талап етуге; жеңiлдiк алуға және жәрдемақы берiлетiн үмiткерлердiң ұсынған мәлiметтерiн, көшiрмелерiн, ПИК басшыларымен, басқа да мүмкiн болған хабарлаушылармен кездесу және әңгiмелесу жолымен тексеруге; мына азаматтардың ақшалай төлемдерiн тоқтата тұруға және бұзуға:
Тармақша 1
1) бiле тұра дәйексiз құжаттар бергендерге;
Тармақша 2
2) үш ай iшiнде тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке фактiге негiзделген шығысты төлемегендерге; төмендегi орталықтардың қызметiне жалпы басшылықты iске асыруға; арызданушының ұсынған құжаттарының дұрыстығын тексеруге, кiрiсi туралы ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексерудi iске асыруға. Кiрiс туралы ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру, кiрiс алатын жер бойынша ұйымға ресми талап етудi рәмiздеу жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Орталықтың қызметiн ұйымдастыру
4. Орталықтың қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Орталықтың қызметiн еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департамент бастығының қызметiне тағайындалатын бастық басқарады /бiр мезгiлде еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау департаментi бастығының орынбасары болып табылады/.
Тармақ 7
7. Орталықтың бастығы орталыққа жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуына арнайы жауапкершiлiктi атқарады, өз құзiретi шегiнде.
Тармақ 8. Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мәселесi жөнiндегi үйлестiру кеңесi
8. Орталықтың қызметi нәтижесiнде пайда болған ұрыстар орнатылған заңды тәртiпте шешiледi. Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мәселесi жөнiндегi үйлестiру кеңесi Төрағасы - еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мәселесi жөнiндегi департаментiнiң бастығы Төраға орынбасары - еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мәселесi жөнiндегi департамент бастығының бiрiншi орынбасары Кеңес мүшелерi - облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы - зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың облыстық филиалының директоры - еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мәселесi жөнiндегi департамент бастығының орынбасары, халыққа әлеуметтiк көмек орталығының бастығы - облыстық жұмыспен қамту орталығы бастығының орынбасары - облыстық жұмыспен қамту орталығының бөлiм бастығы - зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың облыстық филиалы директорының орынбасары - зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың облыстық филиалының бөлiм бастығы Барлығы: 9 адам
Басқа 24
Облыс әкiмiнiң 1999 ж. 7 қазандағы N 210 шешiмiне 2 қосымша Еңбек және халықты әлеуметтiк қолдау жөнiндегi облыстық департаментiнiң құрылымы
Тармақ 1
1. Департамент бастығы
Тармақ 2
2. Департамент бастығының орынбасары
Тармақ 3
3. Департамент бастығының бiрiншi орынбасары
Тармақ 4
4. Департамет бастығының орынбасары, халыққа әлеуметтiк көмек орталығының бастығы
Тармақ 5
5. Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi 6 адам, соның iшiнде ведомство аралық мекемелер жөнiндегi сектор 3 адам
Тармақ 6
6. Қаржылық жоспарлау және талдау бөлiмi 4 адам
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк сақтандыру қорының секторы 3 адам
Тармақ 8
8. Ақпараттық технология және компьютермен қамтамасыз ету бөлiмi 4 адам
Тармақ 9
9. Ұйымдық-бақылау және әкiмшiлiк-шаруашылық жұмысы бөлiмi 8 адам
Тармақ 10
10. Интернат үйлерi
Тармақ 11
11. МСЭК
Тармақ 12
12. Еңбектiң мемлекеттiк инспекциясы бөлiмi 16 адам
Тармақ 13
13. Құқықтық жұмыс секторы 5 адам
Тармақ 14
14. Еңбектi қорғау секторы 9 адам
Тармақ 15
15. Өмiр, еңбек ақысы, әлеуметтiк партнерлiк және жұмыспен қамту деңгейiнiң бөлiмi 7 адам
Тармақ 16
16. Жұмыспен қамту секторы 3 адам
Тармақ 17
17. Құқықтық кеңес және талаптық-қуыным жұмыстары секторы 3 адам
Тармақ 18
18. Кадрлармен жұмыс жөнiндегi бас маман 1 адам
Тармақ 19
19. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға жәрдемақы тағайындау және төлеу бөлiмi 5 адам
Тармақ 20
20. Мүгедектiгi жөнiндегi, асыраушысынан айырылғандығы жөнiндегi, жасы жөнiндегi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау және төлеу бөлiмi 5 адам
Тармақ 21
21. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөнiндегi бөлiм 5 адам Барлық штат: 70 адам