О Правилах проведения экономической экспертизы инвестиционных проектов, заявляемых в состав Программы государственных инвестиций Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу ережелері туралы Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізудің қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін.
Басқа 1. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу Ережелері
Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 21 маусым N 22 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу Ережелері
Тарау 1. 1-Тарау. Жалпы ережелер
1-Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестциялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының (бұдан әрі - МИБ) құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға құжаттаманың экономикалық сараптамасын жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін, жоба бойынша құжаттаманың техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі - ТЭН) және құрамына талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Ережелер МИБ-ның құрамына енгізу үшін ұсынылатын жобаларды дайындау, іріктеу және сараптаумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарының қолдануы үшін және үкіметтік емес сыртқы заем бойынша мемлекеттік (үкіметтік) кепілдіктерге өтініш берушілер үшін міндетті.
Тармақ 3
3. МИБ-ның құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау қажеттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 673 қаулысымен бекітілген МИБ-н әзірлеу және іске асыру Ережелерімен, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері арқылы алынатын заемдық қаражаттарды тарту есебінен қаржыландыруға үміткер жобалар бөлігінде - "Сырттан қарыз алу және сыртқы қарызды басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабымен анықталған.
Тарау 2. 2-Тарау. Сараптама жүргізу тәртібі
2-Тарау. Сараптама жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысына және МИБ-н әзірлеу мен іске асырудың Ережелеріне сәйкес МИБ-ның құрамына мәлімделетін жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Агенттік экономикалық сараптама жүргізуге және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының жобасына енгізуге қарап талқылауға мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдары, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар және олардың жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі 35 %-тен кем болмайтын ұйымдар іске асыратын жобаларды қабылдайды.
Тармақ 6
6. Осы Ережелердің 3-Тарауында белгіленген талаптарға сәйкес экономикалық сараптаманы орындау мерзімі - жоба жөніндегі құжаттаманың толық пакеті түскен күннен бір ай.
Тарау 3. 3-Тарау. Жоба бойынша құжаттаманың құрамы
3-Тарау. Жоба бойынша құжаттаманың құрамы
Тармақ 7
7. МИБ-ның құрамына мәлімделетін инвестициялық жобалар бойынша құжаттамының құрамы мынадай тізбеге сәйкес болуы тиіс:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаның аты, сметалық құны, іске асырылу кезеңі, алдын ала ұйғарылған нысаны және қаржыландыру көзі, жоба үшін жауапты адам туралы мәлімет, қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы Ережелердің 4-Тарауының талаптарын қанағаттандыратын техникалық-экономикалық негіздеме;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық сараптамасының қорытындысы;
Тармақша 4
4) жобаның техникалық сараптамасы жөніндегі құжаттар: осы Ереженің 4-Тарауының талаптарын қанағаттандыратын тиісті орталық атқарушы органның салалық қорытындысы; Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптамасының (Мемсараптама) қорытындысы.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғалар мәлімдейтін инвестициялық жобалар үшін қайтарымды негізде қаржыландыруға (мемлекеттік кепілдік арқылы алынатын сыртқы заемдар және республикалық бюджет несиелері есебінен) мынадай қосымша құжаттар тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) заемдық қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілу мүмкіндігін куәландыратын құжаттар;
Тармақша 2
2) негізгі құралдардың жобаланған құрылысын (сатып алу), сондай-ақ жобаны қаржыландыруды растайтын келісім-шарттардың жобалары және басқа құжаттар;
Тармақша 3
3) мәлімдеушінің құқықтық субъектілігін растайтын шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғысы және басқа құжаттар;
Тармақша 4
4) аудит куәландырған, соңғы 3 жылғы және соңғы есептік мерзімге бухгалтерлік баланстар.
Тармақ 9
9. Мәлімдеушінің инвестициялық жобалар бойынша тапсыратын барлық құжаттарын тиісті ұйымдардың басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар мөр басып куәландырулары тиіс.
Тармақ 10
10. Қажет болған жағдайда Агенттіктің мәлімдеушіден қаралатын құжаттама бойынша қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар. Тапсырылған материалдардың жинақтылығын, олардың жобалық құжаттаманың құрамы бойынша осы Ережелердің және қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін Агенттік оларды алған күннен баста 5 жұмыс күнінің ішінде тексереді. Мәлімделетін жобаға құжаттамының толық еместігі анықталғанда Агенттік жетіспейтін материалдарды беру қажеттігі туралы мәлімдеушіге хабарлайды. Бұл жағдайда жобаны қарау құжаттардың толық пакетін алғанға дейін кейінге қалдырылады.
Тарау 4. 4-Тарау. Тиісті орталық атқарушы органның техникалық-экономикалық негіздемесіне және салалық қорытындысына талаптар
4-Тарау. Тиісті орталық атқарушы органның техникалық-экономикалық негіздемесіне және салалық қорытындысына талаптар
Тармақ 11
11. ТЭН-нің құрамы мен мазмұны мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Тармақша 1
1) Мыналарды қоса алғанда жоба бойынша жалпы негізгі деректер: жобаның аты; жобаны іске асырушы ұйым; жобаның орналасқан жері; жобаның мақсаты мен мәні; жобаның экономикалық негіздемесі: мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, жобаны қолдайтын өзге нормативтік актілерге сәйкестігі; жобаның сметалық құны; іске асыру мерзімдері; сызбасы және қаржыландыру көзі.
Тармақша 2
2) Сұранысқа және/немесе тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныс пен бағаның сандық параметрлерінің бағасы мен негіздемесі болып табылатын жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдау немесе әлеуметтік қызмет көрсетулер қажеттігін бағалау: рынокты/әлеуметтік-экономикалық ахуалды зерттеу және талдау; сауда-саттық болжамы және дайын өнімді сатып өткізу/жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау; осы салада жұмыс істеп тұрған объектілердің жұмысын талдау; шикізат, материалдар және өндірістің өзге факторларының рыногын зерттеу және талдау.
Тармақша 3
3) Жобаның параметрлері мен құраластары және оған жұмсалатын шығындар талдап анықталатын техникалық бөлім: жобаны орналастыратын жерді таңдаудың негіздемесі; жобаның масштабы; таңдалған технологиялар мен жабдықтардың негіздемесі; жұмыстардың сметалық құны және кестесі;
Тармақша 4
4) Қаржыландырудың балама әдістерін бағалаумен қатар қаржы шығындары мен кірістерге бағалау жүргізілетін қаржы бөлімі: жалпы инвестициялық шығындардың есебі; жобаның шамамен қаржыландырылуы; өндірістік шығындардың есебі; баланстық есептің жобаларын, кіріс және шығыс шоттарын, жобаны іске асыру кезеңіне қолда бар ақша тасқынының есебін қамтитын жобаны қаржылық талдау; заемшы-ұйымның қазіргі қаржылық жағдайы; жобаның төлемдерді аяқтағаннан кейін жалғасуымен байланысты шығындарды талдау;
Тармақша 5
5) Қаржылық деректерді үйлестіру жүргізілген, ал жобаға байланысты шығыстар мен кірістер тұтас экономикаға көзқарас тұрғысынан бағаланатын экономикалық бөлім: жобамен және онсыз экономикалық ахуалды талдау; ақшамен есептегенде экономикалық тиімділіктер мен шығындарды бағалау; ең аз шығындарды талдау (балама нұсқаулар); сезімталдық пен қатерлерді талдау; жобаны жүзеге асыру нәтижелерін талдау;
Тармақша 6
6) Жоба пайда табатын адамдардың және жобаға жұмсалатын шығындарды төлейтін адамдардың көзқарастары тұрғысына бағаланатын әлеуметтік бөлім. Мүмкіндігінше әрбір топтың табатын пайдаларына немесе төлейтін шығындарына сандық сипаттама жүргізу қажет. Бөлімге мыналар кіреді: жобаның халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамасы тұрғысынан негізделуі; жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы және оның халықтың жұмыспен қамтылуына әсері;
Тармақша 7
7) Жобаның экологиялық аспектілерін қарастыратын экологиялық бөлім: жобаның қоршаған ортаның жағдайына әсері және оның зиянды ықпалын азайту жөніндегі іс-шаралардың жоспары; жоба технологиясының қазақстандық және халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсер ету нормативтеріне сәйкестігі.
Тармақ 12
12. ТЭН-нің есептерінде пайдаланылатын негізгі деректер нақты құжаттармен расталуы тиіс (министрліктер мен ведомстволардың анықтамалары, ақпараттық бюллетеньдер, бағалы қағаздар мен тауарлардың бағамы, валюта саудасы туралы деректер, ғылыми-зерттеу институттарының сараптамалық қорытындылары және т.б.). Барлық баға көлемдері үшін онда есеп айырысу жүргізілетін нақты күн көрсетілуі тиіс.
Тармақ 13
13. Тиісті орталық атқарушы органның салалық қорытындысы мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Тармақша 1
1) осы жобаға инвестициялардың қисындылығын растау;
Тармақша 2
2) салалық көзқарас тұрғысынан жобаны талдаудың болуы, онда мынадай аспектілер көрсетіледі: жобаның сала экономикасының құрылымындағы ролі мен орны, мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкестігі; жобаның орналасқан жерін және масштабын (өнеркәсіптік қуаттылығын) таңдаудың дәлелділігі; шикізат және құрастырушы бұйымдардың рыноктарын талдау; өнім сатып өткізу рыноктарын талдау; жоба жөніндегі техникалық шешімдердің жеткіліктілігі және тиімділігі; сызбасының және қаржыландыру көзінің дәлелділігі;
Тармақша 3
3) жобаны МИБ-на енгізудің мақсатқа сәйкестілігі туралы қорытынды.
Тарау 5. 5-Тарау. Экономикалық сараптау барысында тексеруге жататын негізгі мәселелер және қорытындының құрамы
5-Тарау. Экономикалық сараптау барысында тексеруге жататын негізгі мәселелер және қорытындының құрамы
Тармақ 14
14. Экономикалық сараптау барысында жоба бойынша берілген құжаттардың мазмұнына талдау жасалады және бағалаулардың мынадай түрлерін орындау негізінде жобаны МИБ-на енгізудің принципті түрде мақсатқа сәйкестілігі тексеріледі:
Тармақша 1
1) жобаның инвестициялық басымдықтарға сәйкестігін бағалау;
Тармақша 2
2) жобаны институциональдық (ұйымдастырушылық) бағалау;
Тармақша 3
3) Жобаның тиісті сараптау органдары орындаған техникалық және экологиялық сараптамаларының жоба бойынша берілген материалдарға сәйкестігі;
Тармақша 4
4) жобаны әлеуметтік бағалау;
Тармақша 5
5) жобаны қаржылық бағалау;
Тармақша 6
6) жобаны экономикалық бағалау (іске асырудың экономикалық мақсаттылығы);
Тармақша 7
7) жобаны жоспарланған мерзімдерде аяқтамау, жобаның мақсаттарын орындамау, заемдық қаражаттарды қайтармау қаупін бағалау.
Тармақ 15
15. Жүргізілген талдау мен бағалаулардың негізінде мынадай тұжырымдардың біріне ие болатын қорытынды дайындалады:
Тармақша 1
1) Жоба оң баға алады. Қарау нәтижесінде жобаның қисындылығы және оның қажетті талаптарға сәйкестігі дәлелденді. Инвестициялық жоба МИБ тізбелерінің жобасына енгізіледі және МИБ қалыптастыру жөніндегі Комиссияның қарауына ұсынылады;
Тармақша 2
2) Жоба теріс баға алады. Қарау нәтижесінде елеулі кемшіліктер, қойылатын талаптарға көптеген сәйкессіздіктер анықталды. Жоба қабылданбайды және бұдан әрі белгіленген тәртіппен 1 жыл өткенде қаралуы мүмкін. Сараптау қорытындысының көшірмесі мәлімдеушіге беріледі;
Тармақша 3
3) Жоба одан әрі істеп бітіруді талап етеді. Жоба онда істеп бітіруді талап ететін мәселелердің тізбесі көрсетілген қорытындымен бірге мәлімдеушіге жіберіледі. Жобаны бұдан әрі қарау көрсетілген мәселелерді шешу туралы расталғаннан кейін жүргізіледі;
Тармақша 4
4) Тәуелсіз сараптама жүргізу қажеттігі. Ірі және күрделі жобаларды жан-жақты бағалау үшін олардың орындалу сипаты, көлемі және мерзімдері Агенттіктің құзыреті мен мүмкіндіктерінің шеңберінен асып кететін қосымша зерттеулер талап етіледі. Жоба бойынша материалдар тәуелсіз (оның ішінде халықаралық) сараптама жүргізу мүмкіндігі туралы қарау үшін МИБ қалыптастыру жөніндегі қорытындыда сараптауға шығарылатын негізгі мәселелер көрсетіледі. Жобаны бұдан әрі қарау тәуелсіз сараптамадан кейін қайта басталады.
Тармақ 16
16. Агенттіктің жобаның экономикалық сараптамасы жөніндегі қорытындысы мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жобаның қысқаша сипаттамасы (жобаның аты, мәлімдеуші, сметалық құны, іске асыру мерзімі, қуаттылығы, қаржыландыру көзі мен нысаны, мемлекеттік (үкіметтік) кепілдіктің мөлшері, басқа мәліметтер);
Тармақша 2
2) тапсырылған және жоқ құжаттардың құрамы туралы қорытынды;
Тармақша 3
3) осы Ережелердің 14-тармағында аталған бағалаулардың нәтижелері;
Тармақша 4
4) қорытындылар мен ұсыныстар.