О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті салық төлемшілерін есепке алу бойынша дайындық шараларын жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылджы - Ақтөбе облысы әкімінің 12.12.2001 № 347 өкімімен.
Тармақ 1
Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N2235 жарлығына сәйкес жергілікті салық төлемшілерінің есебін сапалы жургізу, 1999 жылы бюджетке салықты мерзімінде және толық түсіру мақсатында жергілікті салық төлемшілерінің есебін жүргізу жөніндегі дайындық шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Басқа 2
Облыс әкімінің 29 қаңтардағы 1999 ж № 01-19 өкіміне қосымша Жергілікті салық телемшілерін есепке алу бойынша 1999 жылға дайындық шараларын жүргізу жоспары Реттік саны Шаралар аты Орындалу мерзімі Атқарушылары 1. Салық комитеттері қызметкерлерін мүлік, жер, көлік салыктарын есептеу және олардың есебін жургізуге, бұл жұмыстың әдіс, тәсілдерін үйрену, заң актілерін зерделеуге дайындау жөнінде семинарлар, кеңестер, арнаулы сабақтар өткізу 1.02.99 Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері 2. Облыс салық комитеттерін нұсқаулық құжаттар, қатаң есептері бланкалар, басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз ету 1.03.99 Облыс бойынша салық комитеті 3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпорындар басшылары мен тұрғындарға салық есебін жүргізу, мүлік, жер, көлік салыктарының төлену реті және мерзімдері туралы, салық жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік жөніндегі Ережені жеткізу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үнемі Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері 4. Жеке автокөліктері бар тұлғаларды бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы салық мөлшері, төлеу тәртібі жайлы хабардар ету, сондай-ақ салық төлемдерін қабылдаушы қаржы-несие мекемелеріне салыктың мөлшерін есептеу және төлеу мерзімдерін таблицалар түрінде жеткізіп отыру 1.02.99 Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салык комитеттері 5. Салық инспекторларының жұмыс атқаратын салық учаскелерінде аталған салық түрлерін есептеу жөніндегі жұмыстарына бақылау - тексерістер жүргізіп отыру 1.04.99 Облыс бойынша салық комитеті, қала,аудандар бойынша салық комитеттері 6. Салық салу бойынша облыстың 2-3 аудандық, қалалық салық комитеттерінде дайындық шаралардың жүру барысын тексеру 1.04.99 Облыс бойынша салық комитеті 7. Жергілікті салықтарды есептеу жөнінде дайындык шараларының орындалу барысы жайлы облыстық салық комитетінің басшылығының қарауына ұсыну 15.05.99 Облыс бойынша салык комитеті 8. Салық есептеу және жинау бойынша жасалған жұмыстар қорытындысын облыс бойынша салық комитетінің басшылығында қарау 25.06.99 25.10.99 Облыс бойынша салық комитеті 9. Салық комитеттері, Ішкі істер басқармасының жол полициясы, "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорыны және жер қатынастары жөніндегі комитетімен бірлескен кеңес өткізу 1.03.99 Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандық салық комитеттері, жол полициясы, "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорыны, жер қатынастары жөніндегі комитеті 10. Салық комитеттеріне: 1) жол полициясы органдары – жеке пайдалануға, сенімді басқару, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскаруға құқылы мемлекеттік есепте тұратын көліктері бар, олардың пайдалану уақыты және техникалық бақылаудан өту кестесі көрсетілген жеке тұлғалар тізімін 1.04.99 Жол полициясы органдары 2) әлеуметтік камсыздандыру мекемелері мен әскери комиссариатгары - салық жеңілдіктерін беру үшін мәліметтерді 1.04.99 Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау басқармасы және әскери комиссариаттар 3) сәулет, жер ресурстарын басқару жөніндегі ұйымдар - үй салу, жеке шаруашылықты жүргізу, бау-бақша салу, тағы да басқа мақсаттарға бөлінген және қайта тіркелінген жер учаскелері туралы мәліметтерді 1.04.99 Түрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет 4) "Козғалмайтын мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорыны -жеке тұлғалардың үйлерінің бағасы туралы мәліметтерді 1.04.99 "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсіпорыны 5) бау-бақша серіктестіктері мен гараж кооперативтері - бөлінген жер учаскелері бар мүшелерінің тізімін, нақтылы жер көлемінің мөлшерін, жер учаскесінің нөмірін,тұрақты мекен жайы көрсетілген мәліметтерді 1.04.99 Бау-бақша серіктестіктері мен гараж кооперативтері 6) жеке меншік пәтер иелері кооперативтері – өз карамағындағы учаскелеріндегі меншігінде пәтерлері бар тұрғын - үй-иелері жөнінде мәліметтерді 1.04.99 Жеке меншік пәтер иелері кооперативтері 7) қалалық, аудандық, селолық әкімшіліктері – жаңадан берілген жер учаскелері жайлы мәліметтерді беріп туруға міндеттеу. 1.04.99 Қалалық, аудандық селолық әкімшіліктер