Қолданыстағы ред. 24.10.2007

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы от 24.10.2007 г. № 198 (Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы)

0

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының 23.10.2007 жылғы № 3-25/1832 санды хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Негізгі тағам түрлерінің қымбаттауына және коммуналдық қызмет түрлері тарифтерінің өсуіне байланысты әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға 2007 жылдың IV тоқсанынан бастап ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде материалдық көмек берілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары З.Ж.Сисенғалиға жүктелсін.