Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 369, 372, 373 баптарына сәйкес Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы келісім шарт бойынша жалға алынған үй-жайларда сатудан басқа) бір жолғы талондардың құны осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Щучье ауданы бойынша эпизодтық түрдегі қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар кұны осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп бойынша бекітілген жинақ салықтың мөлшері осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № С-35/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтык салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-90, 2007 года 08 қаңтар, «Луч» газетінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 4, «Бурабай» газетінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 3 сандарында жарияланған) және 2007 жылғы 28 наурыздағы № С-37/5 «Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № С-35/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-99, 2007 жылғы 11 сәуір, «Луч» газетінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 32, «Бурабай» газетінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 сандарында жарияланған) шешімдері өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ақмола облысы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы келісім шарт бойынша жалға алынған үй-жайларда сатудан басқа) бір жолғы талондардың құны
Щучье аудандық маслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы № С-3/4 шешіміне 1 қосымша Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы келісім шарт бойынша жалға алынған үй-жайларда сатудан басқа) бір жолғы талондардың құны № Қызмет көрсету түрлері бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер атаулары Бір күнге арналған талон құны (тг.) 1 Ет 200 2 Балық 200 3 Сүт тағамдары 100 4 Көкөністер мен жемістер 180 5 Кондитерлік бұйымдар 190 6 Азық-түлік тағамдары 150 7 Бас киімдер а) тері бұйымдар б) былғары және жасанды бұйымдар 200 150 8 Тері-жүн бүйымдары 260 9 Киім 180 10 Аяқ-киім 200 11 Құрылыс материалдары 200 12 Жуу қүралдары 170 13 Шаруашылық тауарлары 150 14 Шұлық бұйымдары 130 15 Балалар ойыншықтары 150 16 Парфюмериялық-галантериялық тауарлар 140 17 Қосалқы бөлшектер 250 18 Пайдалануда болған қосалқы бөлшектер 160 19 Кеңсе заттары 170 20 Электр-тұрмыстық құралдар 220 21 Көліктерден сату (көкөністер мен жемістер) 330 22 Жоғарыда аталған қызметтер түрлеріне қосылмаған халық тұтыну тауарларын көліктен сату 350 23 Жиһаз 250
Басқа 7. Щучье ауданы бойынша эпизодтық түрдегі қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны
Щучье аудандық маслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы № С-37/5 шешіміне 2 қосымша Щучье ауданы бойынша эпизодтық түрдегі қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны № Қызмет түрлерінің атаулары Бір күнге арналған талон құны (тг.) 1 Өткізу (стационарлық орындарды жүзеге асырылатын қызмет түрлерінен тыс) 1) газет, журналдар 140 2) тұқым, сонымен қатар егіс материалдары (тікпе көшеттер) 150 3) бақша мен үй алды учаскесінде өсірілген гүлдер 180 4) көмекші ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінен азық- түліктері 120 5) жануарлар мен құстар тағамдары 120 6) сыпырғыштар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балық 120 2 Жер учаскілерін өңдеуге жеке трактор иелерінің қызметтері 200 3 Жеңіл және жүк автокөлік иелерінің адамдар мен жүк тасымалдау қызметтері (лицензиялы тасымалдаудан тыс) 200 4 Үй жануарлары мен құстарын бағу 100
Басқа 8. Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп бойынша бекітілген жинақ салықтың мөлшері
Щучье аудандық маслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы № С-37/5 шешіміне 3 қосымша Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп бойынша бекітілген жинақ салықтың мөлшері «Республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес ойын бизнесінде қызмет ететін салық төлеушілерге арналған тұрақтандырылған бағалы салығының мөлшері, еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 1
1. Ойын үстелі үшін (казино) жылына - 5000 айлық есептік көрсеткіші
Тармақ 2
2. Бір адамға арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматтары үшін (электрондық рулеткадан басқа) жылына – 130 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 3
3. Бір адамнан артық ақшалай ұтысы бар ойын автоматтары үшін (электрондық рулеткадан басқа) жылына – 180 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 4
4. Электрондық рулетка үшін жылына - 250 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 5
5. Тотализатор кассасы үшін жылына - 700 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 6
6. Букмекер кеңсесінің кассасы үшін жылына – 750 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 7
7. Бір адам ойнайтын, ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтары үшін жылына - 140 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 8
8. Бір адамнан артық ойнаушылардың қатысуымен, ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтары үшін жылына - 210 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 9
9. Ойын жүргізуге арналған дербес компьютерлер үшін жылына - 50 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 10
10. Ойын жолағы үшін жылына - 1000 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 11
11. Карт үшін жылына - 150 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 12
12. Бильярд үстелі үшін жылына - 100 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 13
13. Лото ұйымдастыру үшін жылына - 600 айлық есептік көрсеткіші.