Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар, Жаскешу елді мекендерінің, Ұшқын ауылдық округінің Достық, Қоралас елді мекендерінің, Жарты төбе ауылдық округінің және Ақжар ауылдық округінің Ақжар елді мекенінің шектеріне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар, Жаскешу елді мекендерінің, Ұшқын ауылдық округінің Достық, Қоралас елді мекендерінің, Жарты төбе ауылдық округінің және Ақжар ауылдық округінің Ақжар елді мекенінің шектеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108-баптарына сәйкес Қызылжар, Ұшқын, Жарты төбе және Ақжар ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстары негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылжар ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан Қызылжар елді мекенінің шегіне 95,0 га, Жаскешу елді мекенінің шегіне 69,0 га, Ұшқын ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан Достық елді мекенінің шегіне 60,0 га, Қоралас елді мекенінің шегіне 2,0 га, Жарты төбе ауылдық округінің шегіне ауданның арнайы жер қорынан 60,0 га, Ақжар ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан Ақжар елді мекенінің шегіне 57,0 га тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге және тұрмыстық қалдықтар тастау орнына Ұшқын ауылдық округі Қоралас елді мекенінің шегіне 2,0 га, Ақжар ауылдық округі Ақжар елді мекенінің шегіне 3,0 га жер учаскелері ауданның арнайы жер қорынан енгізілсін және аталған елді мекендерінің шектері өзгерілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.