Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және Маңғыстау облысының жергілікті бюджетіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 15-жол сол күйінде қалдырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 80-жол сол күйінде қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 172-1-жолмен толықтырылсын:
Тармақ 172-1
"172-1. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі.";
реттік нөмірі 239-жол сол күйінде қалдырылсын;
реттік нөмірі 265-жол сол күйінде қалдырылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.