О выплате социальной помощи в связи с повышением цен на хлеб и основные продукты питания отдельным категориям социально-уязвимых слоев населения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нанға және тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік-осал жіктерінің жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеу туралы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 19/347 (Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 28 желтоқсанда № 1962 болып тіркелген), "Облыстық мәслихаттың "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 19/347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 8 қазандағы № 2/15 (Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 24 қазанда № 1979 болып тіркелген) шешімдеріне сәйкес, электр энергиясына тарифтердің және нанға және тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың әлеуметтік-осал санаттарындағы азаматтарға, оның ішінде: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша, жасының келуі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға; ең төменгі зейнетақы және толық емес еңбек өтілімен зейнетақы алушы зейнеткерлерге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тізбе бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік көмек төлеу белгіленсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың балаларына төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасындағы барлық мүшелерінің есебімен төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек 0,5 ең төменгі есептік көрсеткішпен, 2007 жылдың 3 айына (қазан-желтоқсан) 1,5 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті төлеу облыс аудандарының (қалаларының) жергілікті бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың, ең төменгі зейнетақы және толық емес еңбек өтілімен зейнетақы алушы зейнеткерлер тізімінің табысталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалы ұсынған тізімдері және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі негізінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу, аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің табыстаған тізімдерінің негізінде, Агенттік келісімдерге сәйкес комиссиондық сыйақы төленуімен "Қазпочта" (бұдан әрі - Қазпочта) Акционерлік қоғамының филиалдарының желілері арқылы үш айға бір төлеммен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмектің уақытылы төленуіне жауаптылық аудандардың (қалалардың) әкімдеріне, аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүктеледі.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.