Об утверждении Инструкции о порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан в связи с повышением цен на продовольственные товары Қолданыста
Басқа 0
Азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) – тармақшасына сәйкес тұрғындардың әлеуметтік қорғансыз жіктеріне көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азық – түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 5 қарашадан бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
Басқа 4. Азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жөніндегі нұсқаулық
Павлодар ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 5 қараша
«Азық-түлік тауарлары бағаларының
көтерілуіне байланысты жекеленген
санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек
көрсету тәртібі жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы» № 372/11 қаулысымен
бекітілді
Азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1-тармағының 14) – тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек (бұдан әрі Әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Нұсқаулық азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне байланысты жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджетпен көзделген және аудан бюджетіне жіберілген мақсатты ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібін белгілейді:
Тармақша 1
1) жасына және қызмет өткерген жылдарға байланысты зейнеткерлерге;
Тармақша 2
2) 2007 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
Тармақша 3
3) 18 жасқа толмаған балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасыларға;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған төрт және оданда көп баласы бар көп балалы аналарға;
Тармақша 5
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілермен наградталған көп балалы аналарға, бұрын «Ардақты ана» атағын алған, «1 және 2 дәрежедегі Ана данқы» орденімен марапаттағандарға (зейнетақы алушылардан басқа);
Тармақша 6
6) мүгедектерге;
Тармақша 7
7) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Тармақша 8
8) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Тармақша 9
9) туберкулезбен ауыратын азаматтарға;
Тармақша 10
10) Ауғанстандағы соғыс әрекеттерін жүргізу кезеңінде қатысқан әскери қызметкерлерге.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған мақсатты ағымдағы трансферттерді уақытында бөлуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әлеуметтік көмекті осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға жеке есеп шоттарына аудару жолымен аудандық пошта байланысы арқалы жүзеге асырылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік көмек төлеу тәртібі мен мөлшері
2. Әлеуметтік көмек төлеу тәртібі мен мөлшері
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек төлеу үшін қаржыландыру көзі мақсатты ағымдағы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті органымен облыс қалалары мен аудандарына жіберілетін облыстық бюджеттің қаржысы болып табылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1092теңге) 2007 жылдың 4-тоқсанында бір рет осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген бір санат бойынша төленеді. Осы ереже Нұсқаулықтың 2-тармағы 8)- тармақшасындағы санатқа қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті алушылардың дербес шоттарына ағымдағы жылдың аяғына дейін аударады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Есеп беру және есептілік
3. Есеп беру және есептілік
Тармақ 8
8. Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әлеуметтік көмек төлегеннен кейін бес күн ішінде аудандық қаржы бөліміне Әлеуметтік көмек көрсету үшін бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп береді.