Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-шы бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-шы бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ұсынысын қарай келіп, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысыктарды күтіп ұстау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды,
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы
Кентау қалалық мәслихатының
2007 жылғы 10 қазандағы №15
шешімімен бекітілген
Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды,
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы
Осы қағида, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңдарына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы қағида, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Хантағы, Байылдыр және Ащысай елді мекендер аумағында, ауыл шаруашылығы жануарлары, иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі - жануар иелері).
Тармақ 2
2. Жануар иелері, жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлармен ластауға жол бермеу (олардың артынан жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтау, адамдардың қауіпсіздігін және үйде тыныштықты қамтамасыз ету керек.
Тармақ 3
3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтау кезінде:
Тармақша 1
1) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде ұстауға;
Тармақша 2
2) қоғамдық орындарда тұмылдырықпен және қысқа баумен жүруге рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Қалалық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау, жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылады. Жануарлар тұмылдырықта, не арнайы бөліктерде, қолдорбаларда болу керек.
Тармақ 5
5. Қоғамдық орындарда ит пен мысықтар тұкымына қарамастан, оларды адамдар ертіп жүрмесе (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде), иелері байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғыбас деп есептеліп, оларды аулауға, атуға рұқсат етіледі.
Тарау 2. 2. Жануар иелеріне ұсынылады
2. Жануар иелеріне ұсынылады
Тармақ 6
6. Жануар иелері:
Тармақша 1
1) жануарды сатып алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінен ветеринариялық төлқұжат алу;
Тармақша 2
2) жануарларға жүйелі дәрілеуді жүргізу;
Тармақша 3
3) итпен келтірілген жарақаттар туралы, ит тістеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлау;
Тармақша 4
4) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларға жарақат келтірген иттерге карау және карантиндік іс-шаралар қолдану үшін, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлау;
Тармақша 5
5) көшелерде итпен тек қана қысқа баумен, үлкен ит болса тұмылдырықпен алып жүру;
Тармақша 6
6) жануарды оның биологиялық қажеттілігіне сай ұстау, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау, қараусыз, тамақ пен сусыз қалдырмау, ал ауырса уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) жануар өліп қалса, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлап, оның қадағалауымен өлексені мал өлекселерін жоятын шұңқырларға («Беккари»
шұңқырлары) тастау керек;
Тармақша 8
8) тіркеуге, емдеуге және басқа шараларға байланысты шығындарды жануар иелері төлейді.
Тармақ 7
7. Жануар иелеріне:
Тармақша 1
1) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен қоғамдық көлікке отыруға;
Тармақша 2
2) Кентау қаласының аумақтарында иттер күресін арнайы орындардан тыс жерлерде өткізуге;
Тармақша 3
3) жануарларға қатыгездік жасау, олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соғатын әрекеттерді жасауға болмайды.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығы жануарларды ұстау
3. Ауыл шаруашылығы жануарларды ұстау
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы жануар иелері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және оларға ветеринариялық төлқұжаттарды рәсімдеу;
Тармақша 2
2) малды арнаулы жерде ұстау;
Тармақша 3
3) малдарды көшелерге, саябақтарға және басқада қоғамдық орындарда жаюға жол бермеу;
Тармақша 4
4) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай оларды сатуға жол бермеу керек.
Тарау 4. 4. Осы қағиданы сақтамағаны үшін жануар иелерінің жауапкершілігі
4. Осы қағиданы сақтамағаны үшін жануар иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Осы қағиданы бұзғаны және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындамағаны үшін, жануар иелеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 мен 311 бабтарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.
Тармақ 10
10. Жануарларға қатыгездік жасау, олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соқса, жануар иелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.