О переходе на новые принципы оплаты содержания жилья и жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" N 1344 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" N 437 қаулысын орындау үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын пайдаланудың ұзақтығын созу және халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында оны дотациясыз жұмыс iстеу режимiне көшiруге байланысты:
Тармақ 1
1. Қала, аудан әкiмдерi: - жергiлiктi мәслихаттармен келiсiп, 1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң тарифтерiне бұл қызметтердi көрсетушi ұйымдардың шығындарын жабатын деңгейге жеткенге дейiн кезең-кезеңмен көшiру қамтамасыз етiлсiн. 1 кезең: 1996 жылғы 1 сәуiрден 1 шiлдеге дейiн- халық тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң өзiндiк құнының 50 процентiн төлейдi; II кезең: 1996 жылғы 1 шiлдеден 1 қазанға дейiн - халық тұрғын үй- коммуналдық қызметтiң өзiндiк құнының 75 процентiн төлейдi; III кезең: 1996 жылғы 1 қазаннан бастап тарифтердi тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн көрсетушi ұйымдардың шығындарын жабатын деңгейде белгiлейдi. - 1996 жылғы 1 маусымға дейiн жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерi санының лимитi шегiнде тұрғын үй-жәрдемақысын беру Орталығы құрылсын; - аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын төлеу қаражаттарындағы мұқтаждығын 1996 жылғы 1 шiлдеге және 1 қазанға дейiн облыстық қаржы басқармасына ұсынсын, ал одан әрi қарай бюджеттiң жобасын жасау үшiн белгiленген мерзiмде берiп тұрсын; - пәтерлер /үйлер/ иелерiнiң кооперативтерiн құру жөнiндегi iс- шараларды өткiзудi 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн меншiк иелерi кооперативтерiн ұйымдастыруды анықтап, қамтамасыз етсiн. Осыған байланысты 1 маусымға дейiн оларды құру кестесiн бекiтсiн; - облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылатын шараларды /бiрiншi кезекте-тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсету саласындағы/ атқарушыларды таңдаудың тендерлiк принципiне көшудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Їкiметi мынаны белгiлегенi мағлұматқа алынсын: - тұрғын үйдi ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсету үшiн төлемақының мөлшерiн көрсетумен қатар жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының есебiнен өз қамтамасыз етiлген отбасыларға адрестiк жәрдемақы беру арқылы халықты әлеуметтiк қорғау шаралары жүзеге асырылады деп отбасылардың тұрғын үйдi ұстау /мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу /жалдау/ шарты бойынша төлеу/ мен тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған мүмкiндiк шегiндегi шығындарының үлесi отбасының жиынтық кiрiсiнiң 30 процентi мөлшерiнде белгiленсiн; - аз қамтамасыз етiлген отбасылардың тұрғын үйдi ұстау /мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу,жалдау/ және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеудегi iс жүзiндегi шығындарын өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлген тұрғын үй көлемi нормасының және тұрғын үй-коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерiнiң шегiнде бұл мақсаттарға шығынның мүмкiндiк шегiндегi үлесiне балама сомалардан арттыру кезiнде тұрғын үй жәрдемақысы берiлсiн; - тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әрбiр мүшесiне мемлекеттiк тұрғын үй берудiң баламалы нормасындағы, бiрақ жалғыз тұратын азаматтар үшiн бiр бөлмелi пәтерден кем емес, пәтерлердiң /үйлердiң/ пайдалы алаңы өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлген тұрғын үй алаңының нормасы үшiн қабылдансын. Бiр пәтерде тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеу жөнiндегi бөлек жеке шоттары бар бiрнеше отбасылар немесе азаматтар тұратын жағдайда тұрғын алаңның нормасы жеке тұрғын бөлмеден кем болмайды.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу жөнiндегi жұмысты облыс әкiмшiлiгiнiң тұрғын үй салу,сәулет және аумақтарда құрылыс жүргiзу жөнiндегi бөлiмiнде құрылған тиiстi секторына /тұрғын үй жәрдемақылары Орталығы/ жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмшiлiгi тұрғын үй салу, сәулет және аумақтарда құрылыс жүргiзу жөнiндегi комитетiнiң жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi /Садырбаев, Мавлютин/; - 1996 жылғы 1 маусымға дейiн тұрғын үй жәрдемақылары Орталығы туралы Ереженi және тиiстi құжаттар пакетiн жасауды қамтамасыз етсiн. Халықтың тұрғын үйге, меншiк нысанына қарамастан көрсетiлген тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн төлейтiн ақысы заңда сол елдi мекенге белгiленген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Оңтүстiк Қазақстан облысы баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiне /Нұрмәдиева/ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындары оны кезең-кезеңмен дотациясыз негiзге көшiру кезiнде төлемдердiң ұстау негiздiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын. Қала, аудан әкiмдерiмен бiрiгiп, 1996 жылғы 1 қазанға дейiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бәсекелестiк жағдайды жасау және монополиясыздандыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын. 1 шiлдеге дейiн осы саладағы монополиясыздандыру жөнiндегi iс-шаралар тiзбесiн бекiтсiн.
Тармақ 6
6. Қала, аудан әкiмдерi осы шешiмнiң орындалуы туралы әр тоқсан сайын құрылыс салу, сәулет және аумақтарда құрылыс жүргiзу жөнiндегi комитетке ақпарат берiп тұрсын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.С. Iзбасхановқа жүктелсiн.