Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі 66-нөмерлі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 5-айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы Серпербаев Серікбек
Басқа 3
«Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы» Ақсу аудандык Мәслихатының 2007 жылғы 30 қазандағы № 2-9 шешіміне келісім «КЕЛІСІЛДІ» «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы «Ақсу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Батырбаев Қанай Күмісбекұлы «Ақсу аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шырғайбаева Гүлфайруз Жабайханқызы