Лубен селолық округінің Еңбек округінің жайлауы аумағынан шектеуді алу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Лубен селолық округінің Еңбек округінің жайлауы аумағынан шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округінің Еңбек жайлауында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруының тоқтағанына байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 148 «Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты Еңбек жайлауы аумағына шектеу салу туралы» қаулысымен Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округінің Еңбек жайлауына ірі қара малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты салынған шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Лубен селолық округінің әкіміне (Қосмағанбетов), Шыңғырлау аумақтық инспекциясымен (Досказиев), Шыңғырлау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Сабиров), Шыңғырлау аудандық аумақтық медициналық бірлестігімен (Қалмен) бірлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.