Об утверждении схемы зонирования земель города Акколь и поправочных коэффициентов к базовым ставкам земельного налога, кадастровой (оценочной) стоимости земельных участков Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл қаласы жерлерін аймақтау сызбасы мен жер учаскелерінің жер салығын есептеуге арналған және кадастырлық (бағалық) құнын есептеуге арналған түзету коэффиценттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 11 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы “Бюджетке өткізілетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің 338 бабы 1 тармағына және 2007 жылғы 26 қыркүйектегі Ақкөл аудандық әкімдігі комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес, Ақкөл аудандық әкімдігінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл қаласы жерлерін аймақтау сызбасы мен жер учаскелерінің жер салығын есептеуге арналған және кадастырлық (бағалық) құнын есептеуге арналған түзету коэффиценттері бекітілсін (1, 2, 3 қосымшалар, аймақтау сызбасы).
Тармақ 2
2. Берілген шешім Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
2007 жылғы 10 қазан
Ақкөл қаласының әкімі
В.П.Падалко
2007 жылғы 10 қазан
Жер қатынастары
бөлімінің бастығы
А.Ф.Реморенко
2007 жылғы 10 қазан
Ақкөл ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ю.В.Курушин
2007 жылғы 10 қазан