О внесении изменений и дополнений в Положение о порядке передачи в собственность граждан жилищ из государственного жилищного фонда Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне тұрғын жайларды беру тәртібі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 заңдарына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 612 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 30 қаңтардағы 9-3-53 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 23 ақпандағы № 8 (133) «Арқалық хабары» газетінде жарияланған) қаулысымен бекітілген, мемлекеттік тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне тұрғын жайларды беру туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-бөлікпен толықтырылсын: «Азаматтардың кіріп отырған тұрғын жай болмелері, олардың меншігіне тұрғын үй заңнамасында көзделген нормалар бойынша, яғни кемінде 15 шаршы метр және бір адамға есептегенде 18 шаршы метр пайдалы алаңнан аспайтын көлемде, бірақ аз дегенде бір бөлмелі пәтер беріледі. Кіріп отырған алаң көрсетілген нормадан асып кеткен жағдайда азаматтарға нормаға сәйкесетін басқа тұрғын жайға айырбастауға ұсыныс жасалады». 6-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әкімдіктің нарық құнымен сатып алынған және мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға қызметтік пайдалануға берілген тұрғын жайлар, оларда тұрып жатқандардың меншігіне қызметтік тұрғын жайларды беруге арналған заңнамада көрсетілген тәртіппен, олардың меншігінде басқа тұрғын жай болмаған жағдайда, олардың қайда туратындығына қарамастан, баланстық құны бойынша беріледі. Аталған адамдардың меншігіндегі тұрғын үйлерін соңғы бес жыл ішінде иеліктен айыруы, әкімдіктің қызметтік тұрғын үйлерді олардың меншігіне беруден бас тартуына негіз болып табылады.».
Тармақ 2
2. Аталған қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. З. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.С. Сақыповаға жүктелсін.