Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азық-түлік себеті мөлшерінің өсуіне байланысты, 2007 жылдың 4-тоқсанына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын, аз қамтылған азаматтарға (жанұяға), 1638 теңге мөлшерінде бір жолғы қосымша әлеуметтік көмек төленсін.
Тармақ 2
2. «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті аудан бюджетінен «Жергілікті өкілетті органдардың көмекке мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.