Об ограничении хозяйственной деятельности на территории Тургайского государственного природного заказника Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында шаруашылық қызметтерді шектеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 65, 122-баптарына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 68, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қорытындысына, Ақтөбе облысының ерекше табиғи кешендерін сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында, егер мемлекеттік табиғи қорық объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың кез - келген қызметіне жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу енгізу, сонымен қатар:
жануарлар дүниесін ұдайы өндіру және пайдалану күзет аймағындағы өкілетті органның аумақтық басқармасының рұқсатымен қасқырларды аулаудан басқа әуесқойлық пен кәсіпшілік аңшылыққа;
жануарлар мен өсімдіктердің басқа түрлерін жерсіндіруге;
жабайы жануарлардың ұяларын, індерін, апандарын және басқа мекендейтін жерлерлерін бұзуға, жұмыртқа жинауға, жануарлардың жойылуына соқтыратын басқа да әрекеттерге;
өсімдіктерді өртеуге;
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығының рұқсатынсыз қамыс шабуға, шөп шабуға және мал жаюға;
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығының рұқсатынсыз механикаландырылған көліктердің жолсыз жүруіне;
қорықтың су айдындарының жағдайын нашарлататын гидротехникалық құрылыстарын салуға;
жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне уытты улы химикаттарды, тыңайтқыштар мен шөпжойғыштарды сақтауға және пайдалануға;
1 мамырдан 1 тамыз аралығында шопандардың иттерін байлаусыз қоюға;
экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін технологияларды енгізуге, жаңа объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және іске қосуға.
Тармақ 2
2. "Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" ММ (Ж. И. Иманқұлов), Ырғыз ауданының әкімі (М. Дуанбеков) Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында:
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық белгілеу жөнінде;
барлық жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне салынған шектеулермен таныстыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жерге орналастыру құжаттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 109 қаулысына сәйкес ретке келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ол ресми түрде бірінші жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І. Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.