Об установлении квоты рабочих мест для ивалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерге арналған жүмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік корғау туралы» Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, еңбек нарығында мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша шараларды белгілеу, сонымен қатар Шемонаиха ауданының аумағында тұрғындарды жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квотаны жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгілесін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Л.А. Беляеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.