О мерах по обеспечению выпуска продукции гарантированного качества Күшін жойған
Басқа 0
Кепілдік сапасы бар өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
"Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-ші бабының негізінде кепілдік сапасы бар өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Меншік нысандарына қарамастан азық-түлік тауарларын және халық тұтыну тауарларын шығарумен айналысушы шаруашылық жүргізуші субъектілер (тізбеге сәйкес):
- лабораториялық бақылау өткізбей өнімдерді шығаруға және өткізуге жол бермесін;
- өндірістік лабороториялар болмаған немесе оларды ашу мүмкіндігі жоқ жағдайларда зерттеулерді аумақтық санэпидқызмет органдарында келісім-шарт негізінде жүргізсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Санитарлық ережелер, нормалар және ГОСТ-тарға сәйкес өнімдері өндірістік лабораториялық бақылауға жатқызылған кәсіпорындардың ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 5 сәуірдегі
№ 85 шешіміне қосымша
Санитарлық ережелер, нормалар және ГОСТ-тарға сәйкес өнімдері өндірістік лабораториялық бақылауға жатқызылған кәсіпорындардың ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Нан зауыттары мен наубайханалар
Тармақ 2
2. Кондитерлік цехтар
Тармақ 3
3. Сүт зауыттары мен сүт цехтары
Тармақ 4
4. Ет комбинаттары мен шұжық цехтары
Тармақ 5
5. Жеміс және ет консервілері цехтары
Тармақ 6
6. Балық өндеуші кәсіпорындар
Тармақ 7
7. Сыраалкоголсіз кәсіпорындар
Тармақ 8
8. Спиртарақ және сыра құюшы кәсіпорындар
Тармақ 9
9. Диірмендер мен жарма дайындаушы кәсіпорындар
Тармақ 10
10. Макарон цехтары
Тармақ 11
11. Өсімдік майлары мен майонездер өндіру жөніндегі цехтар
Тармақ 12
12. Құрылыс индустриясының өнеркәсіп кәсіпорындары (құрылыс материалдарының радиациялық қауіптілік сыныбын анықтау)
Тармақ 13
13. Азықтық өнімдер және балалар ойыншықтарымен байланыста бола отырып, тауарлар шығарушы кәсіпорындар
Тармақ 14
14. Су құбырлары және канализациялық-тазарту қондырғылары
Тармақ 15
15. Жұмыс орындарын аттестациялау бойынша өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс, энергетика және басқа салалардың кәсіпорындары