О реорганизации сети учреждений профессионального образования Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіптік білім мекемелері желісін қайта ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 94 шешімімен. Кәсіптік білім жүйесін «Облыстық бюджет туралы» облыстық Маслихаттың XIX сессияның шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы облыстық Маслихаттың 1999 жылғы 13 мамырдағы XXI сессиясының шешімімен бекітілген қысқартылған көлемдегі бюджеттік қаржыландыруға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Зандары негізінде ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Лениногор қаласының әкімі (Щепетильников В.М.), Үржар ауданының әкімі (Селиханов Т.М.), облыс білім департаменті (Байхонова С.З.) төмендегі кәсіптік білім мекемелерің қайта ұйымдастыруды жүргізсін:
Тармақша а
а) Лениногор қаласының № 7 және № 14 кәсіптік-техникалық кәсіптік- мектептері жойылсын. № 7 кәсіптік – техникалық мектептің базасында «Бастауыш кәсіптік даярлау орталығы» құрылсын.
Тармақша б
б) Үржар ауданының № 18 кәсіптік-техникалық мектебі жойылсын, оның оқушылар құрамы және оқу-техникалық базасы Таскескен селосының № 20 кәсіптік-техникалық мектебіне берілсін.
Тармақша в
в) Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінің базасында 1999 жылдың 1 қыркүйегінен Ұлан ауданының «№ 2 кәсіптік-техникалық лицейі» мемлекеттік мекемесі ашылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім департаменті № 23 кәсіптік-техникалық мектептің мүлік кешенін облыстық бюджеттен Зайсан аудандық бюджетіне беруді іске асырсын.
Тармақ 3
3. 1999-2000 оқу жылына кәсіптік-техникалық мектептерге жетім балалардан, әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларынан 800 оқушыны қабылдау жоспары бекітілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім департаменті, конкурстық комиссия (Құрманғалиев А.А.) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің сұраныстарына сәйкес педагогикалық бейінде орта арнайы оқу орындарында 150 маман дайындауға мемлекеттік тапсырысты белгілесін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы осы білім мекемелерін бюджеттік қаржыландыруға тиісті түзетулер енгізсін.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөнінде аумақтық комитет, облыстық білім департаменті білім мекемелерін қайта ұйымдастыру қорытындысында босаған ғимараттарды, материалдық-техникалық базаларды пайдалану жөнінде мәселені шешсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж.Абайділдинге жүктелсін.