О перерегистрации государственного учреждения «Управление сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Казақстан облыстық ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы мемлекеттік мекемесін қайта тіркеуден өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000.03.29. N 1-852ө өкімімен. “Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын бағдарламалар мен шағын бағдарламалардың тізбесін және облыстық бюджеттен қаржыландыратын мекемелер тізбесін бекіту туралы” Шығыс Казақстан облысы Әкімінің 1999 жылғы 19 қантардағы N 638 шешіміне сәйкес: .
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы мемлекеттік мекемесі қайта тіркеуден өткізілсін. 2.Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін. ( N 1 қосымша)
Тармақ 3
3. Шығыс Казақстан облыстык ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасының кызметкерлеріне мемлекеттік басқарудың атқарушы органдары кызметкері үшін Қазақстан Республикасының қолданалып жүрген заңында көзделген кепілдіктер, жеңіддіктер және еңбек жағдайлары таратылсын.
Басқа 3. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы туралы
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1999 жылғы “19” шілде N1-667 өкіміне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы туралы Ереже
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы мемлекеттік басқару органы болып табылады. Қызмет бабында облыс әкіміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігіне бағынады. Өз жұмысын Қазақстан Республикасының нормативтік акті/еріне, облыс әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне, осы Ережеге сәйкес атқарады.
Тармақ 2
2. Басқарма занғы тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Басқарма азаматтық - құқыктық қатынастарға өз атынан кіреді.
Тармақ 3
3. Басқарманың құрылтайшысы облыс Әкімінің аппараты.
Тармақ 4
4. Басқарманың заңды мекен - жайы: Өскемен қаласы Урицкий көшесі 121
Тармақ 5
5. Нарықтық қатынастар және ауылдағы жеке меншік жағдайында, мемлекеттік басшылық пен шаруашылықты басқару функцияларының ара жігі ажыратылған шақта мына негізгі міндеттерді шешуді жүзеге асырады: 5.1 Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық және жер реформаларының негізі бағыттарын жетілдіру және оны тереңдету, осының негізінде аграрлық сектордың жңне өндеу өнеркәсібінің перспективаларын белгілеу , олардың даму жолдарын талдау, нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық типті ұйымдастыру кұрылымын қалыптастыру, бірыңғай қаржы -. ивестициялық саясат пен есеп жүргізу;
Тармақ 5.2
5.2. Ауылдағы және өндеу өнеркәсібі саласындағы әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке менішк негізінде дамуына және қалыптасуына ықпал жасау;
Тармақ 5.3
5.3. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы шикізатын өндеушілер үшін өнім өткізу және оларды қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге арналған қалыпты нарықтық орта ұйымдастыру;
Тармақ 5.4
5.4. Ауыл шаруашылық өнімдерінің маркетингін және өткізуді ұйымдастырудың негізгі принциптерін әзірлеу, облыстың, республиканың экономикалық аймақтары бойынша нарық конъюктурасын және ауыл шаруашылық өнімін экспортқа шығару мүмкіндіктерін зерттеу;
Тармақ 5.5
5.5. Жерді және қозгалымсыз мүлікті капитал ретінде пайдалануды қосқанда жер пайдалануды» толыққанды нарығын дамытуға ықпал етеді;
Тармақ 5.6
5.6. Жаңадан құрылған ауыл шаруашылығ құрылымдарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетеуді ұйымдастырады және соны жүзеге асырады;
Тармақ 5.7
5.7. Меншік түріне қарамастан барлық ауыл шаруашылық құрылымдарда және өндеу кәсіпорындарында экономикалық жаппай оқу ұйымдастырады;
Тармақ 5.8
5.8. Ғылыми - техникалық прогресстің негізгі бағыттарын, жолдарын айқындап, оны өндіріске енгізуге ықпал етеді, ғылым және техника жетістіктерін насихаттайды;
Тармақ 5.9
5.9. Мал шаруашылығында және егін шаруашылығында дақылдар тұқымын және мал тұқымын селекциялық - асылдандыру жұмысын үйлестіреді, өнім өндіру мен өндеудің прогрессивті технологиялары мен желілерін енгізеді.
Тармақ 6
6. Басқарма, өзіне жүктелген міндеттері аясында қалалық, аудандық өкімдер, аудандық ауыл шаруашылық басқармалары бөлімдері, облыс Әкімінің комитеттері және ведомстволары арқылы мына негізігі функцйяларды жүзеге асырады:
Тармақ 6.1
6.1. Егіншілікте, мал шаруашылығыңда, механикаландыруда,өндеуші өнеркәсіпті электрлендіруде, сонда-ақ облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің басқа да саларында мемлекеттік, экономикалық, техникалық және технологиялық саясатты жүзеге асыру;
Тармақ 6.2
6.2. Аграрлық секторда, өндеуші өндіріс және сауда саласында меншіктің және шаруашылық жүргізудің барлық түрін дамытуға ықпал ету, нарықтық құрылымдарды қалыптастыру және дамыту, агросервисты енгізу;
Тармақ 6.3
6.3. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді және өндеуді болжау, облыстың агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасау;
Тармақ 6.4
6.4. Ауыл шаруашылық өндірісіне және өндеуші өнеркәсіпке жаңа техника мен прогрессивті технологияны енгізуге көмектесу;
Тармақ 6.5
6.5. Экономикалық және жер реформалары жөніндегі мемлекеттік бағдармалардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақ 6.6
6.6. Төмендегі шараларға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады: -қандай меншікке жататынына, шаруашылықты жүргізу түріне, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан агроөнеркәсіптік кешенінің барлық салаларының кәсіпорындары мен шаруашылықтарында өндірілетін, сатып алынатын, өңделетін және өткізілетін өнімдердің сапасына, өнімге қолданылып жүрген стандарттар мен технологиялық шарттардын оны сынау тәсілдерінің сақталуына; -химияландыру, малдарды және өсімдіктерді қорғау, мал тұқымын асылдандыру, мал дәрігерлік заңдылық, карантин шараларын өткізу жөніндегі нормативтік актілердің сақталуына; -тұқым шаруашылығында, тұқым сынауда және жаңалауда, ауыл шаруашылық малдары мен құстардың жаңа тұқымдарын сынақтан өткізуде; -меншік түріне қарамастан барлық шаруашылықтарда еңбек қорғауға, көліктерді қауіпсіз пайдалануға, өртке қарсы шараларды қолдануға және машина- трактор паркінің техникалық жағдайын қадағалауға;
Тармақ 6.7
6.7. Меншік түріне қарамастан облыстың шаруашылықтарында ауыл шаруашылық машина - трактор паркінің жағдайына инженерлік қадағалауды жүзеге арсырады;
Тармақ 6.8
6.8. Ауыл шаруышылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыруға қатысады, агросервис жұмыстарын ұйымдастыру, лизинг бойынша ауыл шаруашылық техникаларын жеткізу жөнінен шаралар қолданады;
Тармақ 6.9
6.9. Ғылыми- зерттеу үйымдарының жұмысын үйлестіреді, ғылыми жаңалықтарды және шетел технологиясын сараптауды өткізеді, осының негізінде өндіріске енгізу үшін ұсыныстар жасайды, ауыл шаруашылығындағы және өндеуші өнеркәсіптегі жергілікті және шетелдік жетістіктерді қорытып, насихаттайды;
Тармақ 6.10
6.10. Қазіргі заманғы шетелдік технологияларды сатып алу, шетелдік қаржы салымдарын және жеке меншік капиталды тарту мәселелерінде сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырады;
Тармақ 6.11
6.11. Маркетинг қызметінің іс-әрекетін үйлестіреді және ауыл шаруашылық және басқа өнімдердің нарық коньюктурасы жөнінде туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді;
Тармақ 6.12
6.12. Баға және несие саясатын, санация мен банкротқа ұшыратуды реттеу жөніндегі ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақ 6.13
6.13. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қаржымен қолдау қорының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақ 6.14
6.14. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге контрактылар жасасуға және бизнес-жоспарлар әзірлеуге көмек көрсетеді, оларға экономикалық сараптама жасап, жоспарлардың орындалуына жәрдемдеседі және қадағалайды ;
Тармақ 6.15
6.15. Меншік түріне қарамастан агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында, үйымдарына олардың есеп-қаржы заңдылығын сақтауы жөніндегі қызметіне жүйелі түрде талдау жүргізеді.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасын, облыс Әкімі тағайындаған бастық басқарады.
Тармақ 8
8. Бастықтың орынбасарларын, бөлім бастықтарын және басқарма аппаратының мамандарын бекітіліген қызметкерлер саны және еңбек ақы шегіне сәйкес жұмысқа алу, жұмыстан шығару құқысы басқарма бастығына беріледі. Бүл облыс Әкімінін агроөнеркәсіп кешені жөніндегі орынбасарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Басқарманың алдына қойылған міндетін орындауына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына басқарма бастығы жеке жауапкершілікте болады, ол бастық орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының басшылық үшін жауапкершілік дәрежесін белгілейді.
Тармақ 10
10. Басқарма өзінің құзыры шеңберінде кәсіпорындар, бірлестіктер, үйымдар, мекемелердің ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлығы үшін бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады, нұсқаулар бере алады. Қажет болған жағдайда басқарма басқа да облыстық ведомстволармен бірге бірлескен бұйрықтар және нұсқаулықтар шығарады.
Тармақ 11
11. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының құрамында 7 адамнан алқа құрылады: оған басқарма бастығы /алқа төрағасы/, оның облыстық шаруа қожалықтары ассоциациясы, өңдеу өнеркәсібі жөніндегі лауазымдық орынбасарлары, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені қәсіпорындарының басқарушы қызметкерлері кіреді. Алқа құрамын облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары бекітеді Басқарма алқасы кеңесуші орган болып табылады, оның шешімдері ұсынілс сипатына ие болады және басқарма бастығының тиісті бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне негіз болады.
Тармақ 12
12. Облыстық ауыл шаруашылығы және өндеу өнеркәсібі басқармасы / жөніндегі ережені, оның құрылымын және қызметкерлер санын облыс Әкімі бекітеді. Басқарманы ұстауға қажетті қаржы облыстық бюджет есебінен беріледқ
Тармақ 13
13. Өзінің қызметін шаруашылық жүргізуші объектілермен тікелей келісім шарт негізінде жүргізуге тырысатын аппаратттың құрылымдық бөлімшелерін басқарма бастығы шаруашылық есепке көшіре алады.
Тармақ 14
14. Басқарманың жедел басқару қуқығында окшауланған мүлкі болады. Басқарманың мүлкі мемлекет берген мүліктін есебінен қалыптасады және негізгі қорлармен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны басқарманың балансында көрсетілетін үзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 15
15. Басқармалаға бекітіліп берілген мүлік меншікке жатады.
Тармақ 16
16. Басқарманың бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен алуға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге қуқығы жоқ. Басқармаға заңдарда белгіленген жағдайда және шекте мүлікке билік ету қуқығы берілуі мүмкін.
Тармақ 17
17. Басқарманың қайта үйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады. Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.Ибраев