О наименовании и переименовании улиц города Шымкента Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының көшелерiн атау және қайта атау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесiне Рахым Барлыбаевтың; Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесiне Тәңiрберген Отарбаевтың; Абай ауданы Қатынкөпiр шағынауданының атауы жоқ көшесiне Сұлтан Байысбаевтың; Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесiне Бижан Әдiқожаевтың; Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесiне Құрасбек Тыныбековтың; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Әшiм Мырзақожаевтың есiмдерi; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Көксарай; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Бақсай; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Жаңатұрмыс; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Темiршi; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Ақжұлдыз; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Аққурай; Абай ауданы Қызылжар шағынауданының атауы жоқ көшесiне Бозжусан; Абай ауданы Қатынкөпiр шағынауданының атауы жоқ көшесiне Арайтаң; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Әдiлет; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Жетiсу; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Егемендiк; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Жаңа ел; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Арай; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Шаңырақ; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Парасат; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Таңшолпан; Еңбекшi ауданының атауы жоқ көшесiне Өркениет деген атаулар берiлсiн.
Тармақ 2
2. Абай ауданы Қатынкөпiр шағынауданының Южная-2 көшесiне Арыстанбек Қабылбековтың; Абай ауданының Громов көшесiне Нұртаза Ысмайыловтың; Әл-Фараби ауданындағы Ватутин көшесiне Төлеген Тәжiбаевтың; Әл-Фараби ауданындағы Курнаков көшесiне Сапақ датқаның; Еңбекшi ауданының Гайдар көшесiне Қапан Айтжановтың есiмдерi; Абай ауданы Қазығұрт шағынауданының Меркинская көшесiне Шатқал; Әл-Фараби ауданындағы Черкасский көшесiне Абат; Әл-Фараби ауданындағы Обухов көшесiне Табысты; Әл-Фараби ауданындағы Щепкин көшесi мен өткелiн Өркендеу; Еңбекшi ауданының Ползунов көшесiне Жас қазақ; Еңбекшi ауданының Севастопольский өткелiне Жиделi; Еңбекшi ауданының Григоренко көшесiне Сарбаздар; Еңбекшi ауданының Полевой өткелiне Қаратал; Еңбекшi ауданының Привольная көшесiне Айбатты; Еңбекшi ауданының Талалихин көшесiне Мейiрiм; Еңбекшi ауданының П.Алексеев өткелiне Жауқазын; Еңбекшi ауданының Черепичный өткелiне Жетi қазына; Еңбекшi ауданының Ботанический өткелiне Жетiген; Еңбекшi ауданының Краснофлотская көшесiне Балдырған деген атаулар берiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.