Халыктың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
Мемлекетік басқару туралы» Заңының З1-бабы, 1 тармақтың, 14 тармакшасына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 8 қазан № 19 қаулысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Халыктың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы от 31.10.2007 г. № 337 (Халыктың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы)
1. Кербұлақ ауданы бойынша 2007 жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсан
айлары аралығында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына ай сайын
әлеуметтік көмек мөлшері 600 теңге көлемінде бекітілрін.
2. Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына, мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмекті алатын азаматтар, оның сыртында жалғызбасты, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылары, асыраушысынан айырылғандар, 1-ші, 2-ші, 3-ші топтардағы мүгедектер жатқызылсын.
3. Қаулының орындалу барысы туралы ақпарат ай сайын, ағымдағы
айдың 25-не дейін Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметік бағдарламалар басқармасына тапсырылып тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші
орынбасары Б.С. Исабековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.