Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі-көмек) белгіленсін:
аз қамтылған отбасыларға, тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзеу үшін;
тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға;
аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне.
Тармақ 2
2. Көмек тағайындау бойынша Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады ( бұдан әрі уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда жылына бір рет беріледі. Ерекше жағдайларда қайта тағайындалады, алайда жылына екі реттен артық болмауы тиіс.
Тармақ 4
4. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушының жоқтығы ескеріледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган қызметкерлері өтініш берушінің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына, көмек тағайындауга негіз болған деректі оқиғаға тексеру жүргізеді.
Тармақ 6
6. Шешім қабылданғаннан кейін, көмек төлеуге тізім жасақталады және алушының мекен жайы бойынша есеп шотына аударылады.
Тармақ 7
7. Аз қамтылган отбасыларға, тұргындардың әлеуметтік қорғалуға жататын қатарларына, аса мұқтаж деңсаулық сақгау, білім беру және спорт,
халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелеренің
қызметкерлеріне көмек тағайындау және төлеу үшін аудан әкімінің, немесе орынбасары атына арыз және қосымшаға сәйкес құжаттар тізімі қажет.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органға құжаттар түпнұсқасы көшірмесімен салыстыруға ұсынылады, салыстырылып болғасын құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 9
9. Көмек алушылар тапсырылған құжаттардың, мәліметтердің дұрыстығына жауацкершілік алады.
Тармақ 10
10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
мемлкеттік мекемесінің бастығы
Ж.Тұманбаева
10.10.2007 ж.
Басқа 11
Аудандық мәслихаттың 2007
жылғы «11»қазандағы
№ 2/24 шешіміне қосымша
Бір жолғы материалдық көмек алуына кұжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрақты мекен жайын анықтайтын тұрғындарды тіркеу кітабы.
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің жеке куәлігі, отбасы мүшелерінің құжаттары.
Тармақ 3
3. Салық төлеушінің тіркелу куәлігі.
Тармақ 4
4. Алушының және отбасы мүшелерінің материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат.
Тармақ 5
5. Зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар ( анықтама, куәлік, емделуге берілген жолдама және т.б.)
Тармақ 6
6. Әлеуметтік, материалдық ауыр жағдайды куәландыратын басқа да құжаттар.