О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы XXIX сессиясының № 29/290 «2007 жылғы қала бюджеті туралы» нормативтік құқықтық акт 2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 8-5-29 тіркелген шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарттар күніне бір жолғы материалдық көмек көрсету мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) «Жергілетті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып анақталсын.
Тармақ 3
3. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасының әкімгерінің бір жолғы материалдық көмекті 2000 теңге көлемінде төленсін деген ұсынысы мақұлдансын.
Тармақ 4
4. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау қалалық бюджет есебінен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығымен келісілген тізім бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) біржолғы материалдық көмекті тағайындайды және бюджетте қаралған тиісті көлемдегі төлемдерді алушылардың өздері таңдаған Қазақстан Республикасы Ұлттық бинкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктегі немесе ұйымдағы жеке есепшотына аударады.
Тармақ 6
6. Қаржы бөлімі (Әбдірахманов Н.Ж.) жетгілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді қала бюджетті есебінен жоспарға сәйкес қаржыландырады.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі. Келісілді: Қаражал қаласының қаржы бөлімінің бастығы _________________ Н.Әбдірахманова 2007 жыл 22.10 Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы _________________ А.Ереженова 2007 жыл 22.10 Жұмыспен қамту әлеуметтік Бағдарламалар бөлімінің бастығының м.а. _________________ О.Калашникова 2007 жыл 22.10