Об установлении ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы
2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кедексінің 394 бабына, 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» № 1016 Қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бірлік салық салу объектісіне тіркелген жиынтық салық ставкалары қөосымшаға сәйкес белгіленсін
Тармақ 2
2. III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 1 қарашадаға XL сессиясының «Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 8-1-44), «Взгляд на события» газетінде 2006 жылғы 29 қарашада № 60 (176) жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін -өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (төрайымы Боранкұлова Сәния Нұртасқызы) жүктелсін
Тармақ 4
4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енеді
Басқа 5
2007 жылғы 9 қараша
№ 24 шешімге қосымша
№ п/п
Салық салу объектісінің атауы
Бір жылға айлық есептік көрсеткішпен бір объектіге тіркелген жиынтық салық ставкасының мөлшері
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
50
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
80
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
50
4
Ойын жолы
300
5
Карт
30
6
Бильярд үстелі
220