Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53 бабының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 14 ақпандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (2005 жылғы 5 наурызда Ақмола облысының Әділет департаментінде № 3054 тіркеліп 2005 жылғы 2 сәуірде аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 15 жарияланған) № С-14/7 шешімі және одан кейін өзгертулер мен толықтырулар енгізілген: 2005 жылғы 14 ақпандағы № С-14/7 аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен бекітілген «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 18 қаңтардағы № С-28/4 (2006 жылғы 23 қаңтарда Әділет басқармасында № 1-10-28 тіркеліп 2006 жылғы 4 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 5 жарияланған); 2005 жылғы 14 ақпандағы № С-14/7 аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен бекітілген «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне» толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 24 сәуірдегі № С-31/3 (2006 жылғы 5 мамырда Әділет басқармасында № 1-10-39 тіркеліп 2006 жылғы 20 мамырда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 23 жарияланған); 2005 жылғы 14 ақпандағы № С-14/7 аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен бекітілген «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 30 наурыздағы № С-42/5 (2007 жылғы 13 сәуірде Әділет басқармасында № 1-10-53 тіркеліп 2007 жылғы 28 сәуірде аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 20-21 жарияланған); 2005 жылғы 14 ақпандағы № С-14/7 аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен бекітілген «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № С-2/4 (2007 жылғы 24 қыркүйекте Әділет басқармасында № 1-10-64 тіркеліп 2007 жылғы 29 қыркүйекте және 5 қазанда аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 58-59 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылықпен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № С-3/3 шешімімен бекітілді Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53 бабының негізінде, тұрғындардың осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетудің осы Ережесі (әрі қарай - Ереже) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» жөніндегі 451-007 бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдер ұйымдастырудың тәртібін ретке келтіріп отырады.
Тармақ 2
2. Ережелердің ықпалы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын және «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңын реттеуші қатынастарға таралмайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу құқығы
2. Әлеуметтік көмек алу құқығы
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға табысы күнкөріс деңгейінен төмен немесе белгілі бір жағдайларда дереу әлеуметтік қолдауды қажет ететін жедел операцияға жіберілетін отбасылар (азаматтар) - құқылы.
Тармақ 4
4. Ерекше жағдайларда бір реттік материалдық көмек отбасының (азаматтың) табысы есепке алынбай-ақ көрсетіледі: қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге; жетім-балаларға жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқығаны үшін төлеген шығындарын өтеуге көмек ақы, оқу орны белгілеген оқудың жылдық мөлшерінде; мүгедектік тобы жоқ онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарды емдеуге; әлеуметтік-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсету үшін барлық мүгедектер топтарына; аудан мекемелеріне қызметке орналасқан оқу мекемелерінің түлектері жас - мамандарға бюджеттік комиссияда алдағы жылға бекітілген сомаға сәйкес.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Көмек беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында кұрамына аудандық мәслихаттың депутаттары, атқару және мемлекеттік органдардың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері енген комиссия құрылады. Комиссияның сандық және дербес құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шешімі комиссия (бұдан былай - Комиссия) мәжілісіне ұсынылады. Комиссия шешімі ашық дауыс берумен қабылданып, егер Комиссия мүшелерінің көпшілігі оған дауыс берсе, шешім қабылдаған болып есептеледі. Егер Комиссия мәжілісіне оның кұрамының 2/3 бөлігі қатысса, Комиссия мәжілісі құқылы болып саналады.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері төмендегідей: азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарау; көмек беруді өтінген отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен қамтамасыз етілу деңгейін тексеру; әлеуметтік көмек тағайындау немесе көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек жылына бір рет ақша түрінде төленеді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алуға талап қоюшы адам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Өтініш берігі, оған мына құжаттарды қоса тапсырады: жеке басының куәлігін немесе төлқұжатын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, әлеуметтік жеке коды; отбасының кұрамы туралы анықтаманы; азаматтар кірісі туралы анықтаманы, осы ережеде көрсетілген 3 пунктке сәйкес тапсырады; әлеуметтік көмек қажет екендігін растайтын құжатты; есеп шотының нөмірі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар 30 күнтізбелік күннің ішінде қаралып, жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартқан жағдайда Комиссия осы жөнінде өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 11
11. Өтініш беруші заңнамаға сәйкес өтініш пен құжаттардағы мәліметтердің толығымен рас екіндігіне жауапты.
Тармақ 12
12. Комиссия шешімі сот арқылы шағындалуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме күйінде ұсынылады.
Тармақ 14
14. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік төлем көрсетуден бас тартылады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмектің мөлшері бес айлық есептік көрсеткіш сомасымен келесідей санаттар үшін белгіленеді: табысы күнкөріс деңгейінен төмен белгілі бір жағдайларда дереу әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға); қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге; мүгедектік тобы жоқ онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарды емдеуге; әлеуметтік-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсету үшін барлық мүгедектер топтарына.
Тармақ 16
16. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын жетім балаларға шығындарды қайтару үшін әлеуметтік көмек мөлшері оқу орны белгілеген оқудың жылдық мөлшерінде белгіленеді; аудан мекемелеріне қызметке орналасқан оқу мекемелерінің түлектері жас-мамандарға бюджеттік комиссияда алдағы жылға бекітілген сомаға сәйкес.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек көрсету өтініш берушінің есеп шотына қаржы аудару жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.