Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 14- тармақшасына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 193 «Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында, тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлеріне бағаның өcyiнe байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қала мен ауыл әкімдерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау учаскелік комиссияларының шешімдеріне сәйкес халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жататын әр адамға 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында ай сайын 600 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.