Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі ауылдардың атауы:
Тармақша 1
1) Қарасай ауданындағы Каменка ауылдың округі және Каменка ауылы;
Таусамалы ауылдық округі және Таусамалы ауылы;
Тармақша 2
2) Қарасай ауданындағы Известковое ауылы Көктөбе ауылы;
Тармақша 3
3) Қарасай ауданындағы Ленин ауылы Қаратөбе ауылы;
Тармақша 4
4) Қарасай ауданындағы Чапаев ауылы Көктоған ауылы;
Тармақша 5
5) Қарасай ауданындағы Энергетик ауылы Нұрлытау ауылы;
Тармақша 6
6) Қарасай ауданындағы Қазақ ССР-інің 50 жылдығы ауылы Мерей ауылы;
Тармақша 7
7) Сарқан ауданындағы Красный рыбак ауылы Шұбартүбек ауылы;
Тармақша 8
8) Талғар ауданындағы Фрунзе ауылы Туғанбай ауылы;
Тармақша 9
9) Көксу ауданындағы Қызыларық ауылдың округі және Қызыларық ауылы Мұсабек ауылдық округі және Мұсабек ауылы;
Тармақша 10
10) Көксу ауданындағы Қызылбұлақ ауылдық округі Қабылиса ауылдық округі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қарасай, Сарқан, Талғар, Көксу аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.