Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыңдағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі втомобиль жолдары
бөлімі мекемесінің бастығы Қ.Чаркатбаева
10.10.2007 жыл
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 11 қазандағы
№ 2/29 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы ереже Мұнайлы ауданы аумағындағы иті мен мысығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
Тармақ 2
2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1)ит - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез- келген жануарлар;
Тармақша 2
2)мысық - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез-келген жануарлар;
Тармақша 3
3)ит пен мысиқтың иесі - жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
Үш күннің ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе ішкі істер органдарына хабарласуына болады.
Тарау 2. 2. ИТТЕР МЕН МЫСЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІМЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
2. ИТТЕР МЕН МЫСЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІМЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
Тармақ 4
4. Кез-келген ит пен мысық иесінің меншігі больш табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
Тарау 3. 3. ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ КҮТІП-ҰСТАУ
3. ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ КҮТІП-ҰСТАУ
Тармақ 5
5. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1)жануарларды тұрғын үй-жайларында, соның ішінде пәтерлерде ұстауға;
Тармақша 2
2)иттерді тек қана қысқа қарғы баумен және тұмылдырықпен көшеге, аулаға, өзге қоғамдық орындарға шығаруға;
Тармақша 3
3)қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар сақталған болса, мысықтар мен иттерді көліктің кез-келген түрімен алып жүруге;
Тармақша 4
4)тасымалданатын ит тұмылдырықта және қысқа тізгінде болуы қажет;
Тармақша 5
5)тасымалданатын мысық жабық кәрзеңкеге немесе жәшікке салынуы қажет;
Тармақ 6
6. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1)қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын орындарға, мас күйіндегі азаматтарға, 14 жасқа дейінгі балаларға ірі иттерді қыдыртуға;
Тармақша 2
2)жануарларды жалпы пайдаланатын орындарда күтіп-ұстауға: кіре берістерде, баспалдақ алаңдарында;
Тармақша 3
3)жануарлармен кіре берістерді, баспалдақ алаңдарды, спорт, балалардың алаңдары, көгалдарды, аяқжолдарды, саябақ пен гүл бақтарының аумағын ластауға, егер жануар осы жерлерде нәжістерін қалдырса, оны жануарлардың иелері тазалауға міндетті;
Тармақша 4
4)қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сауда залдарына және азық-түлік дүкендерінің өндірістік жайларына иттер мен мысықтарды күтіп-ұстауға және өткізуге;
Тармақша 5
5)тұрғындар (адамдар) шомылу үшін бөлінген орындарда жануарларды шомылдыруға.
Тармақ 7
7. Иелерінің дүкеннің, емдеу орындарының, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарыньщ маңында байлап қалдырғаннан басқа, қоғамдық орындарда шығарып салатын тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қадағалаусыз қалған деп саналады және арнайы қызметкерлермен аулауға жатады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үйлер маңында жануарларды шығарған кезде иелері тыныштықты сақтағаны жөн.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІСАҚТАМАҒАНЫ ҮШІН ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫҢ ^ ИЕЛЕРІНЕ Ж АУ АПКЕРШІЛІК
4. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІСАҚТАМАҒАНЫ ҮШІН ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫҢ ^ ИЕЛЕРІНЕ Ж АУ АПКЕРШІЛІК
Тармақ 9
9. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.