Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы Қолданыста
Басқа 0
Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасының ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Қазақстан Республикасы Зандарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қантардағы №155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес аудандык Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық аумақтық инспекциясының бастығы К. Жұматаевқа және ауылдық округ пен кент әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Аудандық Мәслихаттың
2007 жылғы 23 қазандағы II-сессиясының
№ 2/24 шешімімен бекітілген
Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Шет ауданы бойынша үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі (бұдан әрі ереже) « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді және үй иттері мен мысықтарын ұстау тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Осы ереже меншіктің нысанынан барлық түріне кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса, Шет ауданында барлық үй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.
Тармақ 2
2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын құтыруға және басқа ауруларға қарсы вакцинация жасатып, үй жануарларын ветеринариялық мекемелерінде тіркетуге міндетті. Вакцинадан өткендегі туралы анықтама тіркеуден өткендігін куәландыратын құжат болып табылады. Әрбір тіркелген үй жануарына бірдейлендіру коды беріледі, ол бүкіл өмір бойы сақталады. Жануар иелеріне ветеринариялық құжат және нөмірленген жетон беріледі, ол жануар иесінің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мысық пен иттерді ұстағанда ветеринариялық-санитарлық және санитариялық-гигиеналық ережені міндетті түрде сақтау.
Тармақ 4
4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек ветеринариялық қызметінің рұқсатымең ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын-ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек байлап қана ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.
Тармақ 5
5. Итті ақпараттық таңбамен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерде қалдыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Сатуға және сатып алуға қолда ветеринариялық куәлік немесе анықтама болған жағдайда рұксат етіледі.
Тармақ 7
7. Адамдарды ит, мысық және басқа да үй жануарлары тістеп алған жағдайда, иесі медициналық және ветеринариялық мекемелеріне тез хабарлауға міндетті.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жерлерде иесіз жүрген, сондай-ақ дүкеннің, алдын-алу емдеу мекемесінің және ауданның басқа да ұймдарының алдында байлаусыз қалдырған иттер мен мысықтар қадағалаусыз қаңғыбас деп есептеліп, аулап, жоюға жатады.
Тармақ 9
9. Қанғыбас, иесіз иттер мен мысықты аулап, жоюды ұйымдастыру жергілікті ауылдық әкімдердің құзіретіне жатады.
Тарау 2. 2. Үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі
2. Үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі
Тармақ 10
10. Жануар иесі оны биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстауға, жануарға қамқорлықпен қарауға, ауырып қалған жағдайда қараусыз қалдырмауға, уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге міндетті.
Тармақ 11
11. Ит пен мысық иелері мемлекеттік ветеринариялық инспекторлардың талабы бойынша жануарларды клиникалық қарауға, диагностикалық зерттеуге, екпе және алдын-ала емдеу процедураларына әкелуге міндетті.
Тармақ 12
12. Ит пен мысық иелері, адамдар мен жануарларды тістеген өз асырандаларын, карантин кезеңі ішінде оларды қарау үшін ветеринариялық мекемесіне тез жеткізуге міндетті.
Тармақ 13
13. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде ит ұстаған жағдайда, тыныштықты сақтау шараларын қабылдау.
Тармақ 14
14. Итті кыдыртуға иттің аты, иесінің мекен жайы мен телефоны туралы мәліметі бар тізгінде шығаруы керек. Ит тұмылдырықта болуы тиіс.
Тармақ 15
15. Пайдалануында жер учаскесі бар ит иелері оларды бос ұстауларына болады, тек жақсы қоршалған аулада немесе байлаулы болса. Учаскіге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескертетін жазуы болуы тиіс.
Тармақ 16
16. Көше арқылы және магистраль жанынан өткенде ит иесі, жол-көлік апатын және иттің жолда өлуін болдырмау мақсатында, оның тізгінге алуға міндетті.
Тармақ 17
17. Одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жануар басқа иеге берілуі немесе қанғырған жануарларды аулауды жүзеге асыратын арнайы кәсіпорынға тапсырылуы тиіс.
Тармақ 18
18. Жануар өлген жағдайда, оның өлексесі ветеринариялық мекемелерінің маманымен қаралады және иесімен мал өлексесін жерлейтін қорымға апарылады, өлген жануарды ауыл аумағында лақтырып тастауға тыйым салынады.
Тармақ 19
19. Жануар иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты заңмен қорғалады.
Тармақ 20
20. Жануарлар иесінен сот шешімі бойынша, сондай-ақ заңмен қарастырылған жағдайда алынуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Иесі итін шектеулі уақытқа дүкеннің немесе басқа мекеменің жанында қысқа тізгінге байлаулы қалдыруға (ірі итті тұмылдырықта) құқылы.
Тармақ 22
22. Осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұзған сақтамаған үй иелері,меншік нысанының барлық түріне қарамастан мекеме және кәсіпорын басшылары әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.